«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ инновациялық технологиялар мен инфрақұрылымға инвестиция сала отырып, тұрақты дамуға, көміртегі ізін төмендетуге және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған жобаларды қолдайды.
Осылайша, 2024 жылы Қор Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасы шеңберінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігімен және «Жасыл Даму» АҚ-мен бірлесіп Қалдықтарды қайта өңдеу, сұрыптау және кәдеге жарату жөніндегі бағдарламаны іске қосты.
Аталған қаржыландыру бағдарламасына сәйкес, ҚР Үкіметінің тапсырмасы бойынша «Жасыл Даму» АҚ қаражаты есебінен қалдықтарды басқару саласындағы 94 инвестициялық жобалардың пулы қалыптастырылды. Бүгінгі күні Бағдарламаны іске асыру үшін 2024 жылдан 2026 жылға дейінгі кезеңге арналған қаржыландырудың жалпы көлемі 185 млрд теңгені құрайды.
Атап айтқанда, Қор алдын ала 44 жобаны қарап, қазіргі таңда 4 жобаны қаржыландыруға бекітті, бұл Қостанай облысында қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау және құрылыс қалдықтарын қайта өңдеуді ұйымдастыру жобасы, Степногорск қаласында тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтарды жинау бойынша қызмет көрсету үшін арнайы техника сатып алу жобасы, Шымкент қаласында дайын өнім желісін кеңейте отырып, автомобиль шиналарының қалдықтарын қайта өңдеу және өндірісті жаңғырту жобасы, сондай-ақ Қостанай облысындағы резеңке техникалық бұйымдарды қайта өңдеу және кәдеге жарату өндірісін жаңғырту жобасы.
Мақұлданған жобалар ел өңірлеріндегі қалдықтар санын қысқартуға, олардың табиғат пен қоғамдық денсаулыққа теріс әсерін болдырмауға, сондай-ақ қайта пайдалануға және қайта өңдеуге бағытталған. Мысалы, резеңке-техникалық қалдықтарды қайта өңдеу өнеркәсіптің әртүрлі салаларында қолданудың кең спектріне ие. Ескі автомобиль шиналары сияқты резеңке қалдықтарын сұрыптау және бөлу кезеңінен кейін резеңке үгіндісі қайта пайдалануға, атап айтқанда асфальтбетон қоспаларын, резеңке жабындарын өндіруге, энергия, тыңайтқыштар және т.б. өндіруге көптеген мүмкіндіктерге жол аша отырып, қайта өңдеуге жіберіледі.
Мақұлданған жобаларды іске асыру қалдықтарды басқару саласындағы міндеттерді шешуге кешенді тәсілді көздейді, инновациялық технологияларды енгізуді және ел өңірлерінде қайта өңдеу жабдықтарын жаңғыртуды қамтамасыз етеді, 102 жаңа жұмыс орнын құрады.
Айта кетейік, Өнеркәсіпті дамыту қоры қалдықтарды қайта өңдеу жобаларын келесі шарттармен қаржыландыруға өтінімдерді қарайды және қабылдайды:
- жылдық сыйақы мөлшерлемесі - 3%,
- лизингтік қаржыландыру мерзімі - 3 жылдан 15 жылға дейін;
- қаржыландыру валютасы - теңге;
- Лизинг алушының өз қатысуы - жоба құнының кемінде 20% -ы, оның ішінде кемінде 10% ақша қаражаты.
Бағдарлама бойынша егжей-тегжейлі ақпарат алу үшін және өтінім беру үшін келесі телефон нөмірлері бойынша Қордың өңірлік дирекциясына жүгіну қажет: +7 (7172) 796-470.