«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ қалдықтарды қайта өңдеу жобаларына инвестиция салуда
Бірыңғай байланыс орталығы 70-77

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ қалдықтарды қайта өңдеу жобаларына инвестиция салуда

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ қалдықтарды қайта өңдеу жобаларына инвестиция салуда

26.07.2024

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ қолдауымен Алматы облысының Іле ауданында қатты тұрмыстық қалдықтарды, ірі көлемді материалдарды, темір-бетон бұйымдарын өңдейтін және қоқыс жағу арқылы электр энергиясын өндіретін зауыттың іргетасын қалау рәсімі өтті.

Жоба Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасы шеңберінде іске асырылды және 120 мың тонна қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптауды, 120 мың тонна ірі көлемді қалдықтарды сұрыптауды, сондай-ақ жылына 80 мың тонна органикалық қалдықтарды өңдеуді көздейді. 

Жобаны іске асыру өңірдегі экологиялық және экономикалық жағдайды айтарлықтай жақсартады, сондай-ақ елдегі коммуналдық қалдықтарды қайта өңдеу деңгейін жылына 2,2 млн тоннаға дейін ұлғайтуға және 70 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

Қор көміртегі іздерін төмендетуге және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға ықпал ететін инновациялық технологиялар мен инфрақұрылымға инвестициялай отырып, тұрақты даму жобаларын қолдайтынын атап өткен жөн.

Экологиялық жобаларды қаржыландыру шарттары:

  • лизингтік қаржыландыру мерзімі - 3 жылдан 15 жылға дейін;
  • қаржыландыру валютасы - теңге;
  • Лизинг алушының өз қатысуы - жоба құнының кемінде 20% -ы, оның кемінде 10% -ы ақша қаражаты;
  • сыйақы мөлшерлемесі - жылдық 3%.