«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ «KazAlPack» ЖШС-ның өтінімі бойынша Шымкент қаласының «Оңтүстік» индустриялық аймағында алюминий ыдыс өндірісін ұйымдастыру жобасын қолдады.
Бүгінгі таңда алюминий сусын банкалары ең экологиялық таза орау материалы болып табылады. Олардың қайта өңдеу деңгейі жоғары және қайта өңделген құрамы бәсекелес қаптама түрлеріне қарағанда көбірек.
Жоба шеңберінде Өнеркәсіпті дамыту қорының инвестициялары өндірістік қуаты жылына 2,4 млрд алюминий банкаға дейінгі мамандандырылған жабдықтарды сатып алуға бағытталған.
Айта кетейік, «KazAlPack» Орталық Азия аумағында алюминий ыдысын шығаратын жалғыз кәсіпорын болып табылады. Кәсіпорында шығарылатын өнімнің 40% - дан астамы Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Әзірбайжан нарықтарына жеткізіледі деп болжануда.
Зауыт үшін сатып алынатын жоғары технологиялық жабдықтарды неміс, қазақстандық жабдық өндірушілері, сондай-ақ американдық "Stolle Machinery" компаниясының қытайлық бөлімшелері өндіреді, ол алюминий банка өндірісі бойынша желілерді жобалау, жинақтау және жеткізу бойынша нарық көшбасшыларының бірі болып табылады.
"KazAlPack" зауытында алюминий ыдыстарын өндіруді ұйымдастыру жөніндегі жоба Қазақстан Республикасының өңдеу өнеркәсібін дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде іске асырылды.
Заманауи технологияларды енгізу және зауытта жоғары сапалы өнім өндіру елдің азық-түлік өнеркәсібін жоғары сапалы, экологиялық қаптамамен қамтамасыз етеді, ел бюджетіне түсетін салық түсімдерін арттырады және 103 жаңа жұмыс орнын ашады.