"Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ арнайы техниканы сатып алуға бағытталған 339 лизингтік мәмілені қаржыландырды
Call-center +7 (7172) 79-63-63

"Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ арнайы техниканы сатып алуға бағытталған 339 лизингтік мәмілені қаржыландырды

"Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ арнайы техниканы сатып алуға бағытталған 339 лизингтік мәмілені қаржыландырды

04.07.2024

"Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ ("Бәйтерек "ҰБХ" АҚ тобына кіреді) арнайы мақсаттағы автотехниканы сатып алуға бағытталған лизингтік қаржыландыру бағдарламасын іске асыруды жалғастыруда.

Бағдарлама шеңберінде кәсіпкерлер, заңды тұлғалар және мемлекеттік мекемелер қазақстандық өндірістің арнайы мақсаттағы автотехникасын лизингке алу үшін жеңілдікті қаржыландыру ала алады.

Бағдарламаға қатысу үшін әлеуетті лизинг алушы "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ арқылы лизингтік қаржыландыруды тарту туралы өтініммен автоөндірушілерге жүгінуі қажет.

Арнайы техника өндірушілерінің тізіміне: "QazTehna" ЖШС, "Камаз-Инжиниринг" АҚ, "Hyundai Trans Auto" ЖШС, "Сарыарқавтопром" ЖШС, "Оралагрореммаш" АҚ және "Daewoo Bus Kazakhstan"ЖШС кіреді.

Айта кетейік, Өнеркәсіпті дамыту қоры 2015 жылдан бастап арнайы мақсаттағы автотехниканы сатып алуға бағытталған лизингтік қаржыландыру бағдарламасын іске асыруда. Іске қосылған сәттен бастап бағдарлама бойынша жалпы сомасы 48,6 млрд теңгеге 339 лизингтік мәміле қаржыландырылды, 2 105 бірлік арнайы техника сатып алынды.

Қаржыландыру шарттары:

  • лизингтік қаржыландыру мерзімі - 3 жылдан 5 жылға дейін;
  • сыйақы мөлшерлемесі - жылдық 3 (үш) % ;
  • қаржыландыру валютасы - теңге;
  • лизинг бойынша бастапқы жарна (аванс) – лизинг нысанасының құнынан 30%.

Бағдарлама шеңберінде қаржыландыру револьверлік болып табылады, яғни қолданыстағы лизингті өтеуден төлемдер жаңа қаржы лизингі шарттарын жасасу үшін қайтадан жіберілетін болады.

Бағдарлама бойынша толық ақпаратты "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ ресми сайтынан алуға болады https://idfrk.kz/kz/.