«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ Басқарма төрағасы Қазақстан-Германия бизнес-форумына қатысты
Call-center +7 (7172) 79-63-63

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ Басқарма төрағасы Қазақстан-Германия бизнес-форумына қатысты

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ Басқарма төрағасы Қазақстан-Германия бизнес-форумына қатысты

17.09.2024

16 қыркүйекте Германия Федералдық канцлері Олаф Шольцтың ресми сапары аясында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Қазақстан-Германия бизнес-форумы өтті.

Іс-шара экономиканың басым секторларындағы қазақстан-герман ынтымақтастығын дамытуға арналды және екі елдің мемлекеттік құрылымдары мен бизнес-қоғамдастықтарының 500-ге жуық өкілін тартты.

Іс-шараға Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров, Федералдық экономика және климатты қорғау министрлігінің Парламенттік статс-хатшысы Михаэль Келлнер, Герман экономикасы Шығыс комитетінің атқарушы директоры Михаэль Хармс, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма Төрағасы Рустам Қарағойшин және т.б. қатысты.

Бизнес-форумға сондай-ақ «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ Басқарма Төрағасы Гаппаров Ринат Эдуардович қатысты.

Форум бірнеше панельдік сессиядан тұрды, онда қатысушылар машина жасау, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және энергетика салаларындағы өзара ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Форум қорытындысы бойынша жалпы сомасы $6,3 млрд. құрайтын 36 келісімге қол қойылды Атап айтқанда, «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ, «Жасыл Даму» АҚ, «Seven Rivers Technologies» ЖШС және германиялық «HORN Glass Industries AG» компаниясы арасында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.

Тараптар Меморандум аясында қалдықтарды басқару, жасыл технологиялар трансферті, тәжірибе алмасу және т.б. салалардағы өзара ынтымақтастықтың бірқатар бағыттарын айқындады.

Уағдаластықтарды іске асыру екі елдің жемісті ынтымақтастығын кеңейту жолындағы маңызды қадам болады.