«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Азат Абайдильдин Чехиядағы Халықаралық машина жасау көрмесіне қатысты
Бірыңғай байланыс орталығы 90-77

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Азат Абайдильдин Чехиядағы Халықаралық машина жасау көрмесіне қатысты

chat-bgov

Кеңес ал!

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Азат Абайдильдин Чехиядағы Халықаралық машина жасау көрмесіне қатысты

10.10.2025


2025 жылғы 7-9 қазан аралығында Чехия Республикасының Брно қаласында көлік-логистика саласының әлемдік деңгейде дамуына арналған 66-шы Халықаралық машина жасау көрмесі өтті.

Аталған іс-шараға Қазақстан делегациясының құрамында «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Азат Абайдильдин, Қазақстан Республикасы Индустрия және құрылыс министрлігі Өнеркәсіп комитетінің төрағасы Азамат Панбаев, тиісті мемлекеттік органдардың өкілдері, Қазақстан машина жасаушылар одағы мен еліміздің өнеркәсіптік кәсіпорындарының басшылығы қатысты.

Халықаралық машина жасау көрмесі Германия, Италия, Швейцария, Қытай, Жапония және басқа да мемлекеттерді қоса алғанда, әлемнің 42 елінен келген 1300-ден астам ірі салалық компанияны біріктірді.

Көрменің негізгі тақырыптары — жасанды интеллектті пайдалану арқылы ауыр өнеркәсіпті роботтандыру және цифрландыру болды. Автоматтандырылған шешімдер саланы одан әрі дамытуға жаңа бағыттар іздеуге бағытталғанын, іс-шара қатысушылары атап өтті.

Халықаралық машина жасау көрмесі аясында Орталық Азияның қарқынды дамып келе жатқан индустриялық әлеуетіне арналған бизнес-форум өтті. Оған Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстан делегациялары қатысты.

Бизнес-форумға мемлекеттік құрылымдардың, даму институттарының, салалық қауымдастықтардың және Орталық Азия өңірінің іскер топтарының өкілдері қатысты.

Іс-шара тәжірибе алмасуға, халықаралық өндірістік ынтымақтастық мәселелерін талқылауға және халықаралық өзара іс-қимылды нығайту бойынша жаңа мүмкіндіктерді іздеуге арналған диалог алаңына айналды.

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Азат Абайдильдин бизнес-форумға қатысушыларға еліміздің экономикалық әлеуеті, Қазақстан Республикасындағы қолайлы инвестициялық ахуал аясында шетелдік серіктестер үшін ашылатын кең мүмкіндіктер туралы баяндап, Қордың республиканың өнеркәсіп саласын кешенді дамытуға бағытталған қызметі жөнінде айтты.

— Қазіргі таңда халықаралық ынтымақтастық заманауи әлемдік жағдайда ерекше маңызға ие болып отыр. Мұндай диалог алаңдары өзара тиімді байланыстарды орнату, Орталық Азия елдерінің нақты экономикасын нығайту мақсатында бірлескен күш-жігерді шоғырландыру үшін аса маңызды деп санаймын. Біздің елдердің өнеркәсіптік әлеуетінің дамуы үдемелі сипатқа ие, ал мұндай кездесулер ұзақ мерзімді келешекке бағытталған мүмкіндіктерді кеңейтуге ықпал етеді, — деді «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Азат Абайдильдин.

Бизнес-форум барысында спикер қатысушыларды қызықтырған сұрақтарға барынша мазмұнды жауап берді. Сондай-ақ «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Азат Абайдильдин Қордың Қазақстанға жергілікті әуе қатынастарына арналған көпфункциялы L-410 турбовинтті ұшақтарын жеткізуді қаржыландыру мүмкіндігі жөнінде чехиялық Aircraft Industries авиазауыт өкілдерімен алдын ала іскерлік келіссөздер жүргізді.

Сонымен қатар форум алаңында Қазақстан Республикасының экономикасына инвестиция тартуды көздейтін және «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ құралдары мен бағдарламалары арқылы жүзеге асырылатын ынтымақтастық мәселелері бойынша мүдделі тараптармен жұмыс кездесулері өтті.