"Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ Басқармасының өкілеттік мерзімі мен құрамы бекітілді
Call-center +7 (7172) 79-63-63

"Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ Басқармасының өкілеттік мерзімі мен құрамы бекітілді

"Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ Басқармасының өкілеттік мерзімі мен құрамы бекітілді

10.10.2022

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ (бұдан әрі – Қор) Жалғыз акционерінің және Директорлар кеңесінің шешімімен Басқарма Төрағасының, сондай-ақ Қор Басқармасы құрамының өкілеттік мерзімі үш жылға айқындалды.

Сонымен қатар, Қор Басқармасының құрамындағы өзгерістер туралы хабарлаймыз.

Ағымдағы жылдың 4 қазанында Қор Басқармасы Төрағасының жаңа орынбасары болып Зейнешева Зульфия Хамзақызы тағайындалды.

Зейнешева Зульфия Хамзақызы 1996 жылы Т. Рысқұлов атындағы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Қаржы және несие» мамандығы бойынша бітірген. 2018 жылы Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінің «Қаржы» мамандығы бойынша магистратурасын аяқтады, экономика ғылымдарының магистрі.

Еңбек жолын 1996 жылы Павлодар облысы бойынша Салық комитетінде Ірі салық төлеушілермен жұмыс жөніндегі басқарманың жетекші инспекторы болып бастады.

2009-2022 жылдар аралығында «Қазақстанның Даму банкі» АҚ-да Жобаларды талдау және мониторинг департаменті Техникалық талдау және сатып алу басқармасының бас менеджерінен бастап Несиелік тәуекел департаментінің басқарушы директорына дейін әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

Қазіргі уақытта Қор Басқармасының құрамында:

Байбазаров Нұрлан Серікұлы – Басқарма Төрағасы;

Ибрашева Жанар Шатырханқызы – Басқарма мүшесі;

Гаппаров Ринат Эдуардұлы – Басқарма мүшесі;

Приймаков Максим Максимович – Басқарма мүшесі;

Зейнешева Зульфия Хамзақызы – Басқарма мүшесі.