«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ басқарушы директоры Түркістанда өткен Халықаралық бизнес-форумға қатысты
Бірыңғай байланыс орталығы 70-77

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ басқарушы директоры Түркістанда өткен Халықаралық бизнес-форумға қатысты

chat-bgov

Кеңес ал!

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ басқарушы директоры Түркістанда өткен Халықаралық бизнес-форумға қатысты

08.04.2025


Түркістан қаласында өткен Халықаралық бизнес-форум барысында өңірдің экономикалық әлеуеті мен инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылып, оның одан әрі кешенді дамуының перспективалары талқыланды.

Іс-шараға Түркістан облысының әкімі Нуралхан Күшеров, «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ басқарушы директоры Тимур Тюлебеков, UBC Group халықаралық компаниясының президенті Игорь Гуменный, «Түркістан Инвест» компаниясының басқарма төрағасы Өмірзақ Юсупов, отандық тауар өндірушілер, сондай-ақ Қытай, Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан және Грузия елдерінен келген ірі кәсіпорындардың өкілдері қатысты.


Түркістан өңіріндегі қолайлы инвестициялық ахуалдың жарқын дәлелі ретінде UBC Group халықаралық компаниясы салған, сусындар мен азық-түлік өнімдерін сақтауға арналған тоңазытқыш жабдықтарын шығаратын жаңа зауыттың іске қосылуын атап өтуге болады. Кәсіпорын Түркістан облысының Сауран ауданындағы шағын өнеркәсіптік паркте орналасқан.

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ басқарушы директоры Тимур Түлебеков форум делегаттарына, оның ішінде UBC Group компаниясының президенті Игорь Гуменныйға Қазақстандағы өнеркәсіптік және инфрақұрылымдық кластерлерді кешенді дамытуға бағытталған Қордың қызметі, сондай-ақ қолжетімді қаржыландыру механизмдері мен бағдарламалары туралы жан-жақты ақпарат ұсынды.


«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ мен UBC Group компаниясы арасында зауыттың өндірістік қуатын арттыру бойынша ықтимал ынтымақтастық жөнінде алдын ала келіссөздер жүргізілді.

UBC Group басшылығы «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ның қаржылық қолдауымен өнеркәсіптік тоңазытқыштар өндірісін кеңейту жобасын іске асыруды жоспарлап отыр. Бұл бастама өнім көлемін ұлғайтып, жаңа жұмыс орындарын ашуға, сондай-ақ мемлекеттік бюджетке салық түсімдерінің артуына ықпал етеді.