
Ислам даму банкімен ынтымақтастықты нығайту жөніндегі жүргізіліп жатқан жоспарлы жұмыс шеңберінде 2025 жылғы 8 желтоқсаннан 12 желтоқсанға дейінгі кезеңде Ислам даму банкі миссиясының Қазақстан Республикасына екінші сапары өтті, оның барысында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің, ҚР Қаржы министрлігінің, Өнеркәсіпті дамыту қорының өкілдерімен кездесулер өткізілді.
«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ алаңында арнайы экономикалық және индустриалдық аймақтардың инфрақұрылымын салу үшін Ислам даму банкінің ұзақ мерзімді қаржыландыруын тарту мәселелері бойынша егжей-тегжейлі келіссөздер өтті.

Кездесу барысында осы жобаларды кезеңдерге сәйкес іске асыруға дайындық мәселелері қаралды, Қор өкілдері Бас технико-экономикалық негіздемені презентациялады, қатысушылар жобаларды қаржыландыру құралдарын және Ислам даму банкі, Өнеркәсіпті дамыту қоры және уәкілетті мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимыл механизмдерін егжей-тегжейлі талқылады.
Ислам даму банкі Бас кеңсесінің өкілдері «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-мен тығыз ынтымақтастықта инвестициялық жобаларды кезең-кезеңімен іске асыруға толық дайындықтарын білдірді.
Келіссөздер барысында осы бағыттың маңыздылығы және Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық және индустриалдық аймақтардың инфрақұрылымын салу кезінде Өнеркәсіпті дамыту қорының басты қаржы операторы ретіндегі рөлі ерекше атап өтілді.




