«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ энергия тиімді сәулет қасбеттері зауытының құрылысын қолдады
Бірыңғай байланыс орталығы 70-77

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ энергия тиімді сәулет қасбеттері зауытының құрылысын қолдады

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ энергия тиімді сәулет қасбеттері зауытының құрылысын қолдады

18.09.2024

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ қолдауымен  Алматы қаласының индустриялық аймағында «Жарық өткізгіш мөлдір конструкциялар комбинаты» ЖШС өтінімі бойынша Энергия тиімді сәулет қасбеттері зауытының құрылысы бойынша жоба іске асырылды.

Энергия тиімді архитектуралық қасбеттер зауыты 2020 жылы пайдалануға берілді, ол шыны пакеттер, терезелер, есіктер, витраждар, сондай-ақ ПВХ және алюминийден жасалған бұйымдар өндірісіне мамандандырылған.

Зауыт жалпы ауданы 10 мың шаршы метр болатын 3 қойма желісінен, ПВХ конструкцияларын жасау желісінен, алюминийден бұйымдар жасау желісінен, сондай-ақ шыны пакеттерін құрастыру және шыныны өңдеу желісінен тұрады.

Зауыттың барлық өндірістік желілері «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ қаржыландыру бағдарламасы бойынша сатып алынған жоғары технологиялық жабдықтармен жабдықталған.

ПВХ бұйымдарын дайындауға арналған жабдықтың өндірістік қуаты – жылына 129 600 шаршы метрді, алюминийден бұйымдар дайындауға арналған жабдық – жылына 108 000 шаршы метрді, ал шыны пакеттерді дайындауға арналған жабдық – жылына 237 600 шаршы метрді құрайды.

Зауыт жабдығы түрік, итальян, ресейлік және эстониялық жетекші техника өндірушілердің инновациялық технологияларын пайдалана отырып, күрделі жобалар мен озық шешімдерді іске асыруға мүмкіндік береді.

Зауыт іске қосылғалы бері жүзден астам құрылыс нысанын терезе-есік конструкцияларымен жабдықтады, соның ішінде Мұз аренасы, Алматы театры, 5000 орындық атлетикалық ауыл және басқалары бар.

Бүгінде жарық өткізгіш мөлдір конструкциялар нарығы жыл сайын дамып келеді. Ол өзгеріп, дизайнерлердің, сәулетшілердің және құрылыс компанияларының жаңа шешімдеріне бейімделеді. Өнеркәсіпті дамыту қоры отандық өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарына қолдау көрсетіп, сол арқылы ұлттық экономиканың өнеркәсіптік әлеуетін дамытуға ықпал ете отырып, заманмен қатар жүруде.