«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ Ислам даму банкімен ынтымақтастықты нығайтуда
Бірыңғай байланыс орталығы 1408

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ Ислам даму банкімен ынтымақтастықты нығайтуда

chat-bgov

Кеңес ал!

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ Ислам даму банкімен ынтымақтастықты нығайтуда

11.11.2025


Ислам даму банкімен өзара ынтымақтастық аясында 2025 жылғы 3–7 қараша аралығында Қазақстан Республикасына Ислам даму банкінің алғашқы миссиясының сапары өтті. Сапар барысында арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың инфрақұрылымын салу мәселелері бойынша уәкілетті мемлекеттік органдармен кездесулер өткізілді.

Миссия аясында Қазақстан Республикасының Индустрия және құрылыс министрлігінің, Экология және табиғи ресурстар министрлігінің, Есеп комитетінің, Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің, «Kazakh Invest» ұлттық компаниясының және «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығының өкілдерімен кездесулер ұйымдастырылды.


Миссияның қорытындысы бойынша 2025 жылғы 7 қарашада «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ алаңында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Инвестициялар және сауда бөлімінің меңгерушісі Нұрлан Байбазаровтың төрағалығымен және Қазақстан Республикасы Индустрия және құрылыс министрлігінің, Қаржы министрлігінің, Ұлттық экономика министрлігінің қатысуымен арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың инфрақұрылымын салу үшін Ислам даму банкінің жеңілдікті ұзақ мерзімді қаржыландыруын тарту мәселелері бойынша келіссөздер өтті.

Келіссөздер барысында осы бағытты іске асырудың маңыздылығы және Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар инфрақұрылымын салу жобаларын жүзеге асыру кезінде басты қаржылық оператор ретінде Өнеркәсіпті дамыту қорының рөлі ерекше атап өтілді.