«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ Ислам даму банкімен ынтымақтастық жұмысын жалғастыруда
Бірыңғай байланыс орталығы 90-77

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ Ислам даму банкімен ынтымақтастық жұмысын жалғастыруда

chat-bgov

Кеңес ал!

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ Ислам даму банкімен ынтымақтастық жұмысын жалғастыруда

28.10.2025


2025 жылғы 22–24 қазан аралығында Ислам даму банкінің үйлестіруімен арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды дамыту саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге арналған Қазақстан Республикасы делегациясының Түркия Республикасының Анкара қаласына жұмыс сапары өтті.


Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің басшылығымен өткен делегация құрамына «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Жанар Ибрашева, Қор басқарма төрағасының орынбасары Максим Приймаков, Қордың стратегия және жоспарлау департаменті директорының орынбасары Дамир Жанұзақов, сондай-ақ тиісті мемлекеттік органдардың, даму қаржы институттарының және салалық өңірлік ведомстволардың өкілдері кірді.


Сапар аясында қазақстандық делегация Түркияның Өнеркәсіп және технологиялар министрлігінің, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту ұйымы KOSGEB, ILBank банкінің басшылығымен, сондай-ақ Анкара қаласындағы Ислам даму банкінің өкілдігі басшысымен кездесулер өткізді.

Аталған кездесулер барысында тараптар арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды, шағын өнеркәсіптік алаңдарды құру және жаңғырту, сондай-ақ тиісті инфрақұрылымды дамыту саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін егжей-тегжейлі талқылады.


«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ өкілдері келіссөздерге қатысушыларды елдегі қолайлы инвестициялық ахуал аясында өндірістерді жергіліктендіру үлесін арттыруға бағытталған даму институтының қызметімен, сондай-ақ Қордың қолдауымен іске асырылып жатқан қаржыландыру құралдары мен жобаларымен таныстырды.


Бұдан бөлек, сапар барысында қазақстандық делегация Анкара қаласындағы «Башкент» индустриялық аймағында болып, индустриялық аймақтарды басқару және дамыту бойынша түрік тәжірибесін зерделеді.

Сапар қорытындысы бойынша тараптар инвестициялық тартымдылықты арттыруға және өнеркәсіптік инфрақұрылымды тұрақты дамытуға бағытталған бірлескен жобаларды іске асыру, тәжірибе алмасу және ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екендіктерін білдірді.