«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ өкілдері Қарағанды облысындағы Қор қолдау көрсеткен кәсіпорындарға жұмыс сапарымен барды
Бірыңғай байланыс орталығы 90-77

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ өкілдері Қарағанды облысындағы Қор қолдау көрсеткен кәсіпорындарға жұмыс сапарымен барды

chat-bgov

Кеңес ал!

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ өкілдері Қарағанды облысындағы Қор қолдау көрсеткен кәсіпорындарға жұмыс сапарымен барды

24.10.2025


2025 жылғы 22 қазанда «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ делегациясы Қарағанды облысының Саран және Теміртау қалаларына жұмыс сапарымен барды. Делегация құрамында аппарат басшысы Нуркен Джунусов, басқарушы директорлар Ғалымжан Әди, Руслан Алшынбаев, Берік Сахипов, сондай-ақ Қордың құрылымдық бөлімшелерінің басшылары болды. Сапар аясында Қор өкілдері Қордың қолдауымен жұмыс істеп жатқан және қаржыландыру алу әлеуеті бар өнеркәсіптік кәсіпорындарға барып, олардың өндірістік қуатымен және даму жоспарларымен танысты.


Алғашқы нысан ретінде Саран қаласында орналасқан металл құбырларын шығаратын «ТЭМПО Қазақстан» ЖШС зауытына бару жоспарланды. Кәсіпорын қазіргі таңда Өнеркәсіпті дамыту қорының әлеуетті қарыз алушысы болып саналады және айналым қаражатын толықтыру мақсатында шикізат сатып алуға өтінім беруді жоспарлап отыр.


Зауытты пайдалануға беру 2026 жылға жоспарланған. Кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 372 мың тонна дайын өнімді құрайды және 547 жаңа жұмыс орнының ашылуы жоспарланып отыр.


Одан кейін «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ өкілдері 2024 жылдың шілде айында іске қосылған «Tengri Tyres» ЖШС автомобиль шиналарын өндіру зауытында болды.


Қордың қаржылық қолдауының арқасында кәсіпорын халықаралық стандарттарға сай келетін заманауи, жоғары технологиялық жабдық сатып алды. Зауыттың өндірістік қуаты — жылына әртүрлі типтегі автомобильдерге арналған 3,5 миллион шина. Өндіріс процесі жоғары деңгейде автоматтандырылған. Қазіргі уақытта кәсіпорында 1160 қызметкер жұмыс істейді.




Сондай-ақ делегация Howo маркалы арнайы техника өндіретін «Saran Machinery» ЖШС зауытының құрылыс барысымен танысты. Аталған инвестициялық жоба аясында Қор кәсіпорынның күрделі құрылысына және қажетті жабдықты сатып алуға қаржылық қолдау көрсетті. Зауытты пайдалануға беру 2026 жылға жоспарланған, оның өндірістік қуаты жылына 10 мың бірлік техниканы құрайды. Жаңа өндіріс іске қосылған соң 800 жаңа жұмыс орны ашылады.

Келесі нысан ретінде 2021 жылы «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ның қаржылық қолдауымен іске қосылған «QazTehna» ЖШС Yutong маркалы автобустар мен құрылыс техникасын шығаратын зауыты болды.



Бұл жоба аясында Қор автомобиль жасау саласындағы әлемдік стандарттарға сай келетін заманауи автоматтандырылған жабдық сатып алуды қаржыландырды. Зауыттың өндірістік қуаты жылына 3 мыңға дейін автобус пен құрылыс техникасын құрайды. Қазіргі уақытта мұнда шамамен 700 адам еңбек етуде.


Сондай-ақ делегация биылғы тамыз айында іске қосылған жоғары айқындығы бар теледидарлар мен кір жуғыш машиналарды шығаратын жаңа Samsung зауытында болды.


Бұл жоба аясында Қор өндірістік ғимараттың құрылысына және Samsung компаниясының жоғары халықаралық стандарттарына сай келетін заманауи, жоғары технологиялық жабдық сатып алуға кешенді қаржылық қолдау көрсетті.


Жаңа зауыттың іске қосылуы қазақстандық-корейлік өнеркәсіптік ынтымақтастықты дамытудың маңызды кезеңі болып табылады және елде озық технологиялық өндірісті жергіліктендірудің жаңа мүмкіндіктерін ашады. Зауыттың жобалық қуаты жылына 1,1 миллион дана тұрмыстық техниканы құрайды.


Кәсіпорында шығарылатын Samsung кір жуғыш машиналары инновациялық функциялармен жабдықталған және SmartThings экожүйесіне біріктірілген. Бұл пайдаланушыларға құрылғыларды қашықтан басқаруға, жуу режимдерін оңтайландыру бойынша жеке ұсыныстар алуға және тұрмыстық техниканы біртұтас «ақылды үй» жүйесіне біріктіруге мүмкіндік береді.


Сондай-ақ зауытта жоғары айқындығы бар және Smart TV функциясын қолдайтын Crystal UHD 4K, FHD және HD үлгідегі теледидарлар өндірісі іске қосылды. Бұл өнімдер айқын бейнемен, стримингтік сервистерге кең қолжетімділікпен және заманауи «ақылды үй» жүйелерімен үйлесімділігімен ерекшеленеді. Алдағы уақытта кәсіпорын QLED үлгідегі теледидарлардың өндірісін жолға қоюды жоспарлап отыр.


Silk Road Electronics зауыты жобалық қуатқа шыққан кезде қызметкерлер саны 1100 адамға дейін артады деп күтілуде.


Айта кету керек, биыл Саран қаласы экономиканы әртараптандыру жөніндегі жүйелі жұмыстың нәтижесінде моноқала мәртебесінен шығарылды. Қазіргі таңда қала көпсалалы экономикалық құрылымы бар өнеркәсіптік орталыққа айналып отыр, және бұл оң өзгерістерге «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ айтарлықтай үлес қосты.


Сапардың соңғы нысаны ретінде 1944 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Qarmet металлургия комбинаты болды. Бүгінде ол елдегі ең ірі болат өндіруші кәсіпорындардың бірі саналады. Комбинатта 35 мыңнан астам адам жұмыс істейді, ал оның өнімдері әлемнің 40-тан астам еліне экспортталады.


2024 жылы кәсіпорын «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ қаржы құралдарының көмегімен болат құю өндірісіне арналған жаңа, озық жабдық сатып алды. Сондай-ақ биыл Қор өндірістік қуаттылықты арттыру мақсатында қажетті жабдық пен механизмдерді сатып алуға қаржыландыруды жалғастырды.