«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ өкілдері ӨДҚ қолдаған Екібастұз кәсіпорындарына жұмыс сапарымен барды
Бірыңғай байланыс орталығы 9077

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ өкілдері ӨДҚ қолдаған Екібастұз кәсіпорындарына жұмыс сапарымен барды

chat-bgov

Кеңес ал!

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ өкілдері ӨДҚ қолдаған Екібастұз кәсіпорындарына жұмыс сапарымен барды

25.11.2025

2025 жылғы 21 қарашада «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ аппарат басшысы Нуркен Джунусов, басқарушы директорлар Ғалымжан Әди мен Тимур Тюлебеков, сондай-ақ қаржы институтының барлық құрылымдық бөлімшелерінің басшылары Павлодар облысының Екібастұз қаласына жұмыс сапарын жасап, Қор қолдаған кәсіпорындарды аралады.

Алғашқы нысан — 2022 жылғы маусымда іске қосылған теміржол саласына арналған доңғалақтар шығаратын «Проммашкомплект» ЖШС зауыты болды. Қордың қаржылық қолдауы аясында аталған кәсіпорын айналым қаражатын едәуір толықтырып, жоғары халықаралық стандарттарға сәйкес келетін жаңа, жоғары технологиялық жабдық сатып алды. Нәтижесінде отандық өндірушінің өндірістік қуаты жылына 300 000 теміржол доңғалағына дейін артты, сонымен бірге 912 жұмыс орны сақталып, жаңадан ашылды. Айта кету керек, Қор өкілдері толық танысқан дайын өнімді шығару процесі жоғары деңгейде автоматтандырылған.

Осылайша, «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ның қаржылық қолдауы теміржол өнімдерін шығаратын отандық кәсіпорынды техникалық қайта жарақтандыруға және теміржол саласына арналған қазақстандық құрамдас бөлшектерді жергіліктендіру деңгейін арттыруға елеулі үлес қосты.

Одан кейін Қор өкілдері теміржол саласы үшін бандаждар, массасы 300-1700 кг штамптау бұйымдары, локомотив және вагон осьтерінің алғашқы дайындамаларын өндіретін зауыттың құрылыс барысымен танысты.

Аталған инвестициялық жоба аясында Қор теміржол саласындағы халықаралық стандарттарға сай келетін заманауи, озық автоматтандырылған жабдықты сатып алуды қолдады. «Railcast Systems» ЖШС зауытының пайдалануға берілуі 2026 жылғы қыркүйектің соңына жоспарланған, оның жылдық өндірістік қуаты 88 000 бандаж, 36 900 соқылма және 36 000 осьті құрайды.

Қордың қаржылық қолдауымен жаңа кәсіпорынның ашылуы 535-ке дейін жаңа жұмыс орнын құруды көздейді. Айта кетейік, бұл кәсіпорын дайын теміржол өнімдерін шығару технологиялық тізбегіндегі кезекті буын болып табылады.

Қор өкілдері теміржол саласына арналған құрамдас бөліктерді өндіруге қатысып, жүйелі түрде жергіліктендіру деңгейін арттырып келе жатқан «R.W.S. Whelset» ЖШС, «R.W.S. Concrete» ЖШС, «R.W.S. BILDING» ЖШС сияқты кәсіпорындарды да аралады. Технологиялық кезеңдерге сәйкес бұл зауыттар отандық теміржол саласына дайын өнім жеткізеді, сондай-ақ көрші елдерге экспорттайды.

Атап өту қажет, биылғы жылдың сәуір айында Экибастұз қаласында «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ның қаржылық қолдауымен елдің теміржол саласын қажетті құрамдас бөліктермен қамтамасыз етуге бағытталған «Railways Systems KZ» ЖШС жаңа өндірісінің салтанатты түрде іске қосылуы жүзеге асырылды. Аталған инвестициялық жоба аясында Қор жаңа, жоғары технологиялық жабдықты сатып алуды қаржыландырды.

Кәсіпорын — Қазақстан үшін бірегей болып табылатын ұсталық-бандаж кешені. Ол еліміздің барлық теміржол саласын локомотивтерге арналған алғашқы бандаждармен, тісті дөңгелек дайындамаларымен, алғашқы локомотив және вагон осьтерімен, илектелген дөңгелектердің орталықтарымен қамтамасыз етуге бағытталған. 2025 жылдың мамыр айында бұл кәсіпорында теміржол доңғалақтарына механикалық өңдеу басталды, желтоқсан айында осьтер өндірісі жолға қойылады, ал 2026 жылдың қыркүйегінде бандаждар мен соқылма бұйымдардың өндірісі іске қосылады.

Кәсіпорынның жалпы жылдық өндірістік қуаты 160 900 бірлікті құрайды және аталған саладағы халықаралық стандарттарға толық сәйкес болады, бұл өз кезегінде елдің импортқа тәуелділігін төмендетуге мүмкіндік береді.

Айта кетейік, «Railways Systems KZ» ЖШС құрамына жылжымалы құрам мен жолдың үстіңгі құрылысының бөлшектерін өндіруге маманданған кәсіпорындар кіреді.

Жаңа өндірістердің ашылуымен кәсіпорын Қазақстанның теміржол саласындағы болат өндіруден бастап дайын өнім – жүк және жолаушылар вагондары, тұтас таптамалы дөңгелектер мен дөңгелек жұптары, жебе аударғыштар және құйма бұйымдарға дейін шығаратын толық циклді машина жасау холдингіне айналады.

«Railways Systems KZ» ЖШС-нің 3 кәсіпорнын іске қосу 2000-нан астам жаңа жұмыс орнын ашуға, бюджетке түсетін салық түсімдерінің артуына және елдің өнеркәсіптік әлеуетінің нығаюына мүмкіндік береді.

Айта кету керек, биылғы жылдың қазан айында Германия Федеративтік Республикасының Берлин қаласында «Railways Systems KZ» ЖШС инфрақұрылым және логистика саласындағы жобаларды жобалау, жоспарлау және іске асыру бойынша қызмет көрсетуге маманданған халықаралық инженерлік-кеңес беру кәсіпорын Deutsche Bahn Engineering & Consulting-пен екі Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжаттар серіктестік қатынастарды дамытуға, инженерлік тәжірибе алмасуға және қазақстандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ететін бірлескен жобаларды іске асыруға бағытталған.

Келесі нысан ретінде Қор өкілдері «Өнеркәсіпті дамыту қорының» қаржылық қолдауымен қайта іске қосылған «Қазақстандық вагон жасау компаниясы» ЖШС-не барды. Бұл кәсіпорын Қордың тікелей қолдауы нәтижесінде іс жүзінде жаңа өмір алған өндіріс болып отыр. Мәселен, 2025 жылы «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ның өтінімі бойынша «Қазақстандық вагон жасау компаниясы» ЖШС «SMP Group» ЖШС-мен консорциумда 3 000 жартылай вагон өндіруді және жеткізуді жүзеге асырды. Бұл кәсіпорынның өндірістік қуатын айына 100-ден 240 жартылай вагонға дейін арттыруға және шамамен 800 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді. «Қазақстандық вагон жасау компаниясы» ЖШС өндірген дайын өнімді отандық теміржол тасымалдаушылары сатып алады. Кәсіпорын құрылғаннан бері 9 000-нан астам жартылай вагон шығарды.

Осылайша, Экибастұзда «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ның қолдауының арқасында вагондар, теміржол доңғалақтары, ұсақ және орташа құймалар және теміржол жолы құрылысының бөлшектерін өндіретін кешенді теміржол кластері іс жүзінде қалыптасты. Осы бағытта жоспарлы және жүйелі түрде дамып келе жатқан Экибастұз қаласы моноқала мәртебесінен шығу мақсатына сенімді түрде қадам басуда.