«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ орман өрттерінің алдын алуға арналған жоғары дәлдіктегі кешендердің құрылысын қаржыландыруды мақұлдады
Бірыңғай байланыс орталығы 90-77

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ орман өрттерінің алдын алуға арналған жоғары дәлдіктегі кешендердің құрылысын қаржыландыруды мақұлдады

chat-bgov

Кеңес ал!

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ орман өрттерінің алдын алуға арналған жоғары дәлдіктегі кешендердің құрылысын қаржыландыруды мақұлдады

27.08.2025


«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ орман өрттерін ерте анықтауға арналған бағдарламалық-аппараттық кешендердің құрылысын қаржыландыруды мақұлдады. Орман қорын өрттен сақтау және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған бұл жоғары технологиялық жүйелер елдің өрт қаупі жоғары өңірлеріне орналастырылады.

Табиғатты қорғау шараларын күшейтуге бағытталған бұл жоба «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ, «Жасыл даму» АҚ, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылады. Жоғары дәлдіктегі бағдарламалық-аппараттық кешендерді орнату барысында осы саладағы халықаралық стандарттарға сай озық технологиялар қолданылады. Бұл технологиялардың жеткізушісі ретінде «Қазақтелеком» АҚ белгіленген.

Жоғары технологиялы жүйелер ормандардың жай-күйін үнемі бақылап, өрт ошақтарының туындау қаупін жедел анықтайтын болады. Бұл бағдарламалық-аппараттық кешендерді енгізу орман және дала өрттерінен келетін залалды азайтуға және табиғатты оттан қорғауға бағытталған.

Орман қорын сақтау мақсатында жоғары дәлдіктегі өртке қарсы жүйелерді 2025 жылдың соңына дейін іске қосу жоспарлануда.

Айта кетейік, экологиялық ESG күн тәртібі «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ның басты басымдықтарының бірі болып табылады. Қор экологиялық тепе-теңдікті нығайтуға ықпал ететін «жасыл» инвестициялық жобаларды қолдауға ерекше мән береді.

Еске сала кетейік, 2024 жылы Халықаралық рейтингтік агенттік Sustainable Fitch «Өнеркәсіпті дамыту қорына» ESG рейтингін «2» деңгейінде, жалпы 63 балмен берді. Бұл – еліміздің қаржы секторындағы құрылымдарға берілген ең жоғары бағалардың бірі. Белгілі болғандай, ESG күн тәртібі ең алдымен экологиялық және әлеуметтік факторларды қамтиды.