«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ «Састөбе» инновациялық кешені» ЖШС өтінімі бойынша Түркістан облысында каустикалық сода және поливинилхлорид (ПВХ) өндіру бойынша инновациялық кешен салу жобасын қолдады.
Бүгінгі таңда каустикалық сода мен ПВХ өнеркәсіпте үлкен сұранысқа ие және әртүрлі салаларда қолданылады. Мысалы, каустикалық сода химия өнеркәсібінде, құрылыс материалдарын, қағаз бен картон өндірісінде, маталарды ағарту үшін, мұнай өнеркәсібінде, ал ПВХ медицина саласында, құрылыста, сондай-ақ автокөлік, сантехника және т. б. өндіруге арналған материал ретінде пайдаланады.
Жоба шеңберінде Өнеркәсіпті дамыту қорының инвестициялары қуаттылығы тәулігіне 100 мың тонна каустикалық сода және қуаттылығы тәулігіне 120 мың тонна ПВХ өндіруге арналған инновациялық жабдықтарды сатып алуға бағытталған.
Жоспарланған кешеннің ерекшелігі электр энергиясын 30%-ға дейін үнемдеуге мүмкіндік беретін және Тяньцзинь цемент өнеркәсібі ғылыми-зерттеу жобалау институты әзірлеген каустикалық сода өндірісінің энергия үнемдейтін мембраналық технологиясын пайдалану және енгізу болады.
Айта кету керек, Қазақстанда ПВХ өндірісі жоқ, сондықтан кешенде шығарылатын барлық өнімдер отандық нарықта да, жақын шет елдердің нарықтарында да сұранысқа ие болады.
Түркістан облысында каустикалық сода мен поливинилхлорид (ПВХ) өндіру кешенін салу жөніндегі жобаның өзі Қазақстан Республикасының өңдеу өнеркәсібін дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде іске асырылатын болады.
Түркістан облысында каустикалық сода мен поливинилхлорид (ПВХ) өндіру кешенінің құрылысы елдің химия өнеркәсібінің дамуына ықпал етеді, бюджетке салық түсімдерін ұлғайтады және 346 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.