«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ өткен GLOBAL ISLAMIC FINANCE FORUM-2025 халықаралық форумына қатысты
Бірыңғай байланыс орталығы 90-77

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ өткен GLOBAL ISLAMIC FINANCE FORUM-2025 халықаралық форумына қатысты

chat-bgov

Кеңес ал!

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ өткен GLOBAL ISLAMIC FINANCE FORUM-2025 халықаралық форумына қатысты

20.10.2025


2025 жылғы 13-17 қазан аралығында Малайзияның Куала-Лумпур қаласында исламдық қаржыландыру саласындағы әлеуетті арттыруға арналған GLOBAL ISLAMIC FINANCE FORUM-2025 халықаралық форумы өтті. Іс-шара спикерлер қатарына Малайзия Премьер-министрі Анвар Ибрагим, Ислам Даму Банкі мен Малайзия Орталық Банкі басшылары, сондай-ақ халықаралық исламдық қаржылық институттардың өкілдері кірді.

Форум аясында Ислам Даму Банкі, Малайзия Орталық Банкі және исламдық қаржы саласындағы халықаралық білім орталығы INCEIF University бірлесіп ИДБ-ның алты мүшелі елдерінің — Қазақстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан Орталық Банктерінің басшыларына арналған көпжақты оқу бағдарламасын ұйымдастырды.

GLOBAL ISLAMIC FINANCE FORUM-2025 халықаралық форумына және оқу бағдарламасына Қазақстан делегациясы құрамында «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Жанар Ибрашева мен  Басқарма төрағасының орынбасары Зүлфия Зейнешева қатысты.


Халықаралық форум барысында исламдық банк операциялары аясында өтімділікті және қаржы құралдарын басқару, қаржылық өнімдерді құрылымдау мен реттеу қадағалауы, сондай-ақ жаһандық қаржы күн тәртібінің өзге де мәселелері талқыланды.

Іс-шара халықаралық қаржы саласындағы тәжірибе алмасуға арналған ашық әрі интерактивті диалог алаңына айналды. Онда қатысушылар исламдық қаржы нарығын дамытудың әлеуетті мүмкіндіктері мен перспективаларын, сондай-ақ оның жаһандық экономиканың тұрақты өсуін қолдаудағы рөлін талқылады.