«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ өз қызметіне цифрлық шешімдерді жүйелі түрде енгізуде
Бірыңғай байланыс орталығы 1408

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ өз қызметіне цифрлық шешімдерді жүйелі түрде енгізуде

chat-bgov

Кеңес ал!

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ өз қызметіне цифрлық шешімдерді жүйелі түрде енгізуде

28.04.2026

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ күнделікті жұмысында жоғары технологиялық цифрлық шешімдер мен жасанды интеллект құралдарын жүйелі түрде енгізіп келеді. Бұл бағыт Қор үшін басым бағыттардың бірі болып табылады, себебі ол қаржы институтының операциялық қызметіне де, лизинг алушыларға да ауқымды әсер етеді.

Қор мамандары әзірлеп, енгізген цифрлық өнімдердің бірі – Қордың www.idfrk.kz ресми интернет-ресурсындағы «Жеке кабинетте» қаржыландыруға өтінімдерді автоматты түрде тексеруге арналған «Зияткерлік ассистент».

Бұл инновациялық құрал әлеуетті қарыз алушылар ұсынған құжаттар пакетін бастапқы кезеңде, яғни өтінім беру сатысында кешенді түрде талдап, мүмкін болатын сәйкессіздіктерді, деректердің дұрыстығын немесе қажетті құжаттардың болмауын алдын ала анықтауға мүмкіндік береді.

Атап айтқанда, «Зияткерлік ассистенттің» функционалы лизинг алушылардың құжаттар пакетін алдын ала тексеру аясында 300-ден астам параметрді қамтиды, олардың негізгісі:
1. Өтінімді толтыру кезеңінде енгізілген деректерді соңғы кезеңде тіркелген құжаттармен салыстыру;
2. Бизнес-жоспардағы ақпаратты растайтын және ілеспе құжаттармен сәйкестендіру;
3. Қоса берілген құжаттардың «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ белгілеген нысандар мен талаптарға сәйкестігін тексеру;
4. Құжаттар пакеті құрамын және олардың мазмұнын қызмет бағытына қарай салыстыру;
5. Өтінім беру сәтіндегі құжаттардың өзектілігін бақылау (жеке куәліктердің, анықтамалардың жарамдылық мерзімі және т.б.);
6. Файлдардың толықтығы мен дұрыстығын тексеру (бос немесе қате жүктелген құжаттардың болмауы).

Осылайша, әлеуетті лизинг алушы құжаттардағы сәйкессіздіктер туралы жедел, іс жүзінде нақты уақыт режимінде хабарлама алып, оларды түзету мүмкіндігіне ие болады

Сонымен қатар, «Зияткерлік ассистентті» енгізу Қор қызметкерлерінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл құрал өтінімдерді толықтығы, дұрыстығы және белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан алдын ала тексеруге арналған қосымша механизм ретінде қолданылады. Бұл ретте ұсынылған құжаттарды түпкілікті бағалау және шешім қабылдау Қордың уәкілетті қызметкерлерінің құзырында қалады. Мұндай тәсіл күнделікті қайталанатын жұмыстар көлемін азайтып, өтінімдерді қарау процесін оңтайландырып, мамандардың назарын жобаларды мазмұндық және сараптамалық бағалауға шоғырландыруға мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда «Зияткерлік ассистент» 249 әлеуетті жобаның өтінімін талдады.