2024 жылдың басынан бастап елдің автопаркі 156 жаңа автобуспен толықтырылды
Call-center +7 (7172) 79-63-63

2024 жылдың басынан бастап елдің автопаркі 156 жаңа автобуспен толықтырылды

2024 жылдың басынан бастап елдің автопаркі 156 жаңа автобуспен толықтырылды

15.02.2024

"Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ ("Бәйтерек "ҰБХ" АҚ тобына кіреді) 2024 жылдың басынан бастап елдің қоғамдық көлік паркін келесі қалалар мен өңірлерде 156 бірліктен тұратын жаңа автобустармен жаңартты:

  • Астана қ. - 51 автобус;
  • Қостанай облысы-15 автобус;
  • Маңғыстау облысы-33 автобус;
  • Қызылорда облысы-40 автобус;
  • Ақтөбе облысы - 8 автобус;
  • Қарағанды облысы - 4 автобус;
  • Жетісу облысы-5 автобус;

Жаңа автобустар кондиционерлермен, өрт сөндіргіштермен, бейнебақылау камераларымен, бейнежазба жүйесімен, мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған механикалық пандустармен жабдықталған және қауіпсіздік пен тұрақтылықтың жоғары стандарттарына сәйкес келеді.

Автобус паркін жаңарту бойынша лизингтік қаржыландыру бағдарламасы Қазақстан Республикасының өңдеу өнеркәсібін дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы және «Қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға бағытталған өңдеу саласындағы жобаларды одан әрі қаржыландыру үшін дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке және (немесе) ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымды өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының қаржыландыруы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 604 қаулысы шеңберінде жеңілдікті шарттармен отандық өндірістің қоғамдық көлігін сатып алуға мүмкіндік береді.

Қалалардағы автобус паркін жаңарту үшін қаржыландырудың негізгі шарттары:

  • лизингтік қаржыландыру мерзімі - 7 жылға дейін;
  • лизинг бойынша бастапқы жарна (аванс) - 15 %-дан бастап;
  • сыйақы мөлшерлемесі - жылдық 7%.

Өңірлердегі автобус паркін жаңарту үшін қаржыландырудың негізгі шарттары:

  • лизингтік қаржыландыру мерзімі - 7 жылға дейін;
  • лизинг бойынша бастапқы жарна (аванс) – 0%-дан бастап;
  • сыйақы мөлшерлемесі - 0,01%.