Ақтөбе қаласында «Өнеркәсіптік даму қоры» АҚ-ның қаржылық қолдауымен жылу оқшаулағыш материалдар өндіретін кәсіпорын пайдалануға берілді
Бірыңғай байланыс орталығы 1408

Ақтөбе қаласында «Өнеркәсіптік даму қоры» АҚ-ның қаржылық қолдауымен жылу оқшаулағыш материалдар өндіретін кәсіпорын пайдалануға берілді

chat-bgov

Кеңес ал!

Ақтөбе қаласында «Өнеркәсіптік даму қоры» АҚ-ның қаржылық қолдауымен жылу оқшаулағыш материалдар өндіретін кәсіпорын пайдалануға берілді

18.11.2025


Ақтөбе қаласында «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ның қаржылық қолдауымен жүнді өңдеу және бейтоқыма материалдар өндіру бойынша жаңа кәсіпорын іске қосылды. Лизинг мерзімі 10 жылды құрайды.

Бұл инвестициялық жобаны іске асыру барысында Қор тарапынан өндірістік ғимараттың күрделі құрылысына қаржыландыру және осы саладағы жоғары халықаралық стандарттарға сай келетін заманауи, жоғары технологиялық жабдықты сатып алуға кешенді қолдау көрсетілді.


«KazFeltec» ЖШС-нің жаңа зауытын іске қосу жануар текті талшықты, оның ішінде қой жүнін өңдеу саласын дамытудағы маңызды кезең болып табылады. Кәсіпорын бұл экологиялық таза шикізаттан жылу оқшаулағыш материалдар өндіреді. Айта кетейік, аталмыш өнім өндірістік көлемде құрылыс саласында, тұрғын үйлердің қабырғаларын, шатырларын, жабындары мен түйіспелерін оқшаулауда кеңінен қолданылады.


Табиғи қой жүнінен жасалған жылу оқшаулағыш материалдар сыртқы ылғалдан тиімді қорғайды, ұзақ мерзімділігі жоғары, көгеруге төзімді және жақсы дыбыс оқшаулағыш қасиетке ие.

Кәсіпорынның жобалық өндірістік қуаты жылына 2 112 тоннадан астам өнімді құрайды. Компания дайын өнімді Қазақстанның барлық өңірлеріне жеткізуді, сондай-ақ көршілес елдерге экспорттауды жоспарлап отыр.


«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ның қаржылық қолдауымен жүнді өңдеу және бейтоқыма материалдар өндіру бойынша «KazFeltec» ЖШС жаңа кәсіпорнының іске қосылуы жобалық қуатқа шыққаннан кейін 40 жаңа жұмыс орнын ашуға және мемлекеттік бюджетке түсетін салық түсімдерінің ұлғаюына мүмкіндік береді.