Алматы қаласында «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ және «Жасыл даму» АҚ қаржылық қолдауымен қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға арналған 50 арнайы техника табысталды
Бірыңғай байланыс орталығы 90-77

Алматы қаласында «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ және «Жасыл даму» АҚ қаржылық қолдауымен қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға арналған 50 арнайы техника табысталды

chat-bgov

Кеңес ал!

Алматы қаласында «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ және «Жасыл даму» АҚ қаржылық қолдауымен қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға арналған 50 арнайы техника табысталды

04.07.2025


2025 жылғы 4 шілдеде Алматы қаласында «АҚ Тәртіп» ЖШС-не қатты тұрмыстық қалдықтарды (ҚТҚ) жинау және шығару үшін арналған арнайы автотехниканың кілттері табысталды. Жоба «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ және «Жасыл даму» АҚ тарапынан қаржылық қолдау шеңберінде жүзеге асырылды. Лизингтік қаржыландыру мерзімі — 7 жыл, сыйақының жеңілдетілген мөлшерлемесі — жылдық 3%.

Іс-шараға «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Азат Абайдильдин, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев, Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды және «Жасыл даму» АҚ басшылығы қатысты.


Отандық өндірістен шыққан JAC N200 маркалы арнайы техникалар қажетті құрал-жабдықпен толық жабдықталған. Айта кетейік, 2025 жылдың басында «Өнеркәсіпті дамыту қорының» қолдауымен «АҚ Тәртіп» компаниясы ҚТҚ-ны шығару үшін 3 арнайы техника сатып алған болатын.

— Қор тарапынан республика бойынша ҚТҚ жинау және шығару бағытындағы жоғары технологиялық автоспецтехниканы жаңарту бойынша жүйелі және жоспарлы жұмыс жүргізілуде. Бүгін Алматы қаласына табысталған арнайы техника қаладағы осы саладағы сұранысты едәуір қанағаттандырады. Қалдықтарды шығару — елді мекендердің, әсіресе ірі мегаполистердің өзекті мәселесі. Қалдық көлемі ұлғайып жатқан жағдайда экологияны сақтау үшін қалалық аумақтардың тазалығы аса маңызды. Бұл тұрғыда ҚТҚ-ны дұрыс және кәсіби ұйымдастырылған түрде шығару басты рөл атқарады. Бүгін біз еліміздің ең ірі мегаполисіне жаңа техника табысталып отырғанының куәсіміз. Бұл қала үшін үлкен пайда әкеліп, Алматыны одан әрі таза әрі көркем етеді, — деді «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Азат Абайдильдин.


«АҚ Тәртіп» ЖШС балансында 230-ға жуық арнайы техника бар. Қосымша 50 жаңа техника кәсіпорын автопаркін едәуір жаңартады және толықтырады. Сонымен қатар, автопарктың ұлғаюы 50 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Компания бұл қызметпен 25 жылдан астам уақыт бойы айналысып келеді және бүгінде Алматы қаласындағы ҚТҚ шығару бойынша ең ірі оператор саналады. Кәсіпорын шамамен 1 миллион абонентке және 14 мыңнан астам заңды тұлғаға қызмет көрсетеді.


Еске салайық, 2024 жылдан бастап Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасы аясында «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі және «Жасыл даму» АҚ бірлесіп, ҚТҚ сұрыптау, өңдеу және кәдеге жарату саласындағы кәсіпорындарды қолдау бағдарламасын жүзеге асыруда. Бағдарлама еліміздің экологиялық тепе-теңдігін нығайтуға бағытталған.