Арнайы жоба: «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ның Қазақстан экономикасына қосқан үлесі
Call-center +7 (7172) 79-63-63

Арнайы жоба: «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ның Қазақстан экономикасына қосқан үлесі

Арнайы жоба: «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ның Қазақстан экономикасына қосқан үлесі

19.03.2024

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2020 жылғы 11 мамырдағы тапсырмасы бойынша ұлттық экономиканың өнеркәсіптік әлеуетін дамыту мақсатында және «Өнеркәсіпті дамыту қорын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен құрылды.

2021 жылғы 27 желтоқсанда Қордың мақсаттарын, міндеттері мен мандатын бекіткен «Өнеркәсіптік саясат туралы» Заң қабылданды.

2022 жылы Қордың қаржыландыру құралдары лизингтен басқа кеңейтіліп, несиелендірумен толықтырылды.

2023 жылы Қор жобаларының портфелі 1 трлн теңгеге жетті және өсуін жалғастыруда.

Moody's Investors Service халықаралық рейтинг агенттігі «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ эмитентінің ұзақ мерзімді рейтингтерін «оң» болжаммен көтерді.

Қор қызметі отандық кәсіпорындарды қолдауға, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық тиімділігі бар және жаңа жұмыс орындарын құруға, экспортқа бағдарланған өнім өндірісін ұлғайтуға, ел экономикасына сыртқы және ішкі инвестицияларды тартуға бағытталған жобаларды қаржыландыру жолымен өңдеуші өнеркәсіпті дамытуға бағытталған қаржы институты болып табылады.

Барлық жұмыс кезеңінде Қор 1500-ден астам жоба мен мәмілелерді қаржыландырды, бұл ретте 1,7 трлн теңге сомаға жобаларды қорландыру үшін инвестициялар тартылды.

Жобаларды қаржыландыру ел экономикасын әртараптандыруға, орта және жоғары бөліністегі тауарлар өндірісін қолдауға және ынталандыруға, инфрақұрылымды дамытуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесуге бағытталған.

Қор қолдаған жобалардың ішінде:

1) QazTehna зауытында Yutong брендінің жолаушылар автобустарын, карьерлік, құрылыс және жол арнайы техникасын шығару жобасы

  • зауыттың өндірістік қуаты - жыл сайын 1500 бірлік жолаушылар автобусы, 1000 бірлік арнайы техника;
  • оқшаулау деңгейі - 32%;
  • 644 жаңа жұмыс орны құрылды.

2) «Зерде-Керамика» ЖШС керамогранит және керамикалық плитка өндіретін зауыттың өндірістік қуатын ұлғайту жөніндегі жоба

  • зауыт 2021 жылы пайдалануға берілді;
  • жалпы ауданы - 15 Га;
  • зауыттың өндірістік қуаты - жылына 5 млн шаршы метр.

3) «Шин-Лайн» зауытында өндірісті жаңғырту және кеңейту жөніндегі жоба

  • зауыт 2004 жылы іске қосылған;
  • өнім ассортименті - 140-тан астам өнім түрі;
  • зауыттың өндірістік қуаты 2027 жылға қарай - 350 тонна өнім.

4) Hyundai жеңіл автомобильдері өндірісінің толық циклін ұйымдастыру үшін зауыт салу жөніндегі жоба

  • зауыт 2021 жылы пайдалануға берілді;
  • зауыттың өндірістік қуаты - жылына 50 мың бірлік автокөлік.

5) «Проммашкомплект» зауытында тұтастай илектелген темір жол дөңгелектерін өндіру жөніндегі жоба

  • зауыт 2018 жылы пайдалануға берілді;
  • зауыттың өндірістік қуаты жылына 300 000 доңғалаққа дейін жетеді.

6) Silk Road Electronics зауытында тұрмыстық техника өндіру жөніндегі жоба

  • зауыттың өндірістік қуаты - жылына 50 мың бірлік автомобиль;
  • 1100-ден астам жаңа жұмыс орны құрылды.

7) «АгромашХолдинг KZ» зауытында ауыл шаруашылығы және коммерциялық техника үшін компоненттер өндіретін Локализациялық орталығын іске қосу

  • зауыттың жалпы ауданы - 36.000 ш. м.;
  • өндірістік қуаты - 25 мыңнан астам бірлік тораптар мен компоненттер;

Өнеркәсіпті дамыту қорының қолдауымен шойын құюдан жасалған автомобиль бұйымдарын, автомобиль шиналарын, құрылыс материалдарын өндіру бойынша жобалар, сондай-ақ тамақ, химия өнеркәсібі және басқа да жобалар іске асырылуда.

"Өнеркәсіпті дамыту қорының Қазақстан экономикасына қосқан үлесі - қағаздағы сандар ғана емес, бұл қазақстандықтардың күнделікті өміріндегі нақты өзгерістер. Біз бірге сәттіліктің жаңа көкжиектері мен шыңдарын ашамыз. Өнеркәсіпті дамыту қоры - біз табысты қаржыландырамыз!».