Арнайы жоба: Өнеркәсіпті дамыту қоры Silk Road Electronics зауытында тұрмыстық техника өндіру жобасын қолдады
Бірыңғай байланыс орталығы 70-77

Арнайы жоба: Өнеркәсіпті дамыту қоры Silk Road Electronics зауытында тұрмыстық техника өндіру жобасын қолдады

Арнайы жоба: Өнеркәсіпті дамыту қоры Silk Road Electronics зауытында тұрмыстық техника өндіру жобасын қолдады

26.08.2024

Қазақстанның өнеркәсіп өндірісінің көлемі жылдан жылға өсіп келеді. Қарағанды облысы өнеркәсіптік өңір ретінде өнім өндірудің барлық циклін қолдауға және қамтамасыз етуге маманданған.

Осылайша, мысалы, Қарағанды облысының Саран индустриалды аймағында Өнеркәсіпті дамыту қорының қолдауымен Silk Road Electronics зауытында тұрмыстық техника өндірісі бойынша жоба іске асырылды.

Көлемі 27 мың шаршы метр құрайтын әсерлі аумақта Artel брендінің тұрмыстық техникасының 7 түрін өндіру бойынша желілер іске қосылды.


Өндірілетін өнімдер ассортиментіне теледидарлар, электр су жылытқыштар, ас үй плиталары, шаңсорғыштар, шағын пештер, ас үй сорғыштары және жартылай автоматты кір жуу машиналары кіреді.

Алдағы уақытта кәсіпорында тұрмыстық техника мен теледидарларға арналған схемалық платалар өндірісін, сондай-ақ термопласттан бөлшектер өндірісін іске қосу жоспарланған.

Жоба шеңберінде Қордың инвестициялары Италия, Ресей, Швейцария, Түркия, Қытай, Өзбекстан және т.б. өндірілетін және жеткізілетін жоғары технологиялық жабдықтарды сатып алуға бағытталған.


Кәсіпорын жылына 1 миллионнан астам тұрмыстық техника шығаруды жоспарлап отыр.

Жобаны іске асыру 1100-ден астам жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Бұл әлеуметтік әсер жобаны көп функционалды техниканы жасау тетігіне ғана емес, сондай-ақ өңір үшін де, бүкіл ел үшін де өсу қозғалтқышына айналдырады.

Жалпы, Сарандағы тұрмыстық техника шығаратын зауыт жай ғана кәсіпорын емес. Бұл болашаққа инвестиция салу, жаңа технологиялар, жаңа жұмыс орындары және Өнеркәсіпті дамыту қорының қолдауымен елімізде маңызды және инновациялық жобалар жүзеге асырылып жатқанын растайды.