
2026 жылғы қаңтарда Астана қаласының «№1 Автобус паркі» АҚ-ға «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ қаржылық қолдауымен отандық өндірістің «Yutong» маркалы 121 қоғамдық көлік автобусы берілді.
Атап өтейік, 2025 жылы осы кәсіпорынға 179 ұқсас автобус жеткізілген болатын. Осылайша, астананың ең ірі тасымалдаушысы Қор қолдауымен 300 бірлік көлікке толықты. Қаржылық лизинг мерзімі жылына 7% жеңілдікті мөлшерлеме бойынша 7 жылды құрайды.

Аталған автотехника қоғамдық тасымалдау саласындағы халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келеді. Автобустар ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған жеке орындармен және арнайы пандустармен, электрондық билет жүйелерімен және бейнебақылаумен жабдықталған.
Жаңа автобустар ең жүктелген және сұранысқа ие бағыттарда қызмет көрсетеді. Белгілі болғандай, Астана қала тұрғындар санының тұрақты өсуін көрсетуде, тиісінше жолаушыларды тасымалдауға деген қажеттілік жыл сайын артып келеді. Қазіргі уақытта Астанадағы қоғамдық көліктің жолаушы ағыны тәулігіне 1,1 млн адамға жетті, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 37%-ға көп.
Жалпы алғанда, «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ның қаржылық қолдауының арқасында ел бойынша қоғамдық көліктің 6 571 жолаушылар автобусы жаңартылды.





