Атырауда «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ қолдауымен салынған тоқылмаған геосинтетикалық материалдар шығаратын зауыт ашылды
Бірыңғай байланыс орталығы 70-77

Атырауда «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ қолдауымен салынған тоқылмаған геосинтетикалық материалдар шығаратын зауыт ашылды

Атырауда «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ қолдауымен салынған тоқылмаған геосинтетикалық материалдар шығаратын зауыт ашылды

27.09.2024

2024 жылдың 27 қыркүйегінде «Атырау ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағында тоқылмаған геосинтетикалық материалдар өндіретін «Интаго Қазақстан» ЖШС зауытының ресми ашылуы өтті. Іс-шараға «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Азат Абайділдин қатысты.


Бұл жоба елдегі өңдеуші өнеркәсіптің жаңа өндірістерін құруға жан-жақты, кешенді жәрдемдесу шеңберінде «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ның қаржылық қолдауымен табысты іске асырылды.


Қордың қаржыландыру бағыттарының бірі «2023-2029 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының өңдеуші өнеркәсібін дамыту тұжырымдамасы» бойынша жеңіл өнеркәсіп зауыттарын салу болып табылатыны белгілі. Осы бағдарламаға сәйкес 2023 жылы «Интаго Қазақстан» ЖШС-не қажетті жоғары технологиялық жабдықтарды сатып  алуға арналған лизингтік мәмілесі қаржыландырылды.


Аталған инновациялық зауыттың қызметі отандық геотекстиль өндірісіне бағытталып, шамамен 40 жаңа жұмыс орнын құруды көздейді.

Жобаның жалпы құны - 1 365 000 000 теңге, оның ішінде «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ қаржыландыру сомасы 612 873 730 теңгені құрап, жылдық 3% сыйақы мөлшерлемесімен 8 жылдық лизинг мерзімімен есептелді.


Кәсіпорынның жыл сайынғы өндірістік қуаты 15 млн шаршы метрден асатын сапалы тоқылмаған геосинтетикалық материалдарды өндіруді көздейді, бұл республиканың ішкі сұранысын айтарлықтай қанағаттандырып, импортты алмастыруға ықпал етеді.


Сонымен қатар, болашақта «Интаго Қазақстан» ЖШС өз өнімдерін Ресей, Өзбекстан, Әзірбайжан және басқа да көршілес мемлекеттердің нарықтарына жеткізуді жоспарлап отыр. Кәсіпорынның жалпы экспорт көлемі өз өнімінің 40%-на дейін жетеді деп күтілуде.