Қазақстан Республикасы ТЖМ басшысы Шыңғыс Әрінов Өнеркәсіпті дамыту қоры АҚ қолдаған өрт сөндіру машиналарына арналған автокомпоненттер өндіретін зауытқа жұмыс сапарымен барды
Бірыңғай байланыс орталығы 90-77

Қазақстан Республикасы ТЖМ басшысы Шыңғыс Әрінов Өнеркәсіпті дамыту қоры АҚ қолдаған өрт сөндіру машиналарына арналған автокомпоненттер өндіретін зауытқа жұмыс сапарымен барды

chat-bgov

Кеңес ал!

Қазақстан Республикасы ТЖМ басшысы Шыңғыс Әрінов Өнеркәсіпті дамыту қоры АҚ қолдаған өрт сөндіру машиналарына арналған автокомпоненттер өндіретін зауытқа жұмыс сапарымен барды

22.09.2025

2025 жылғы 19 қыркүйекте Астана қаласында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов өрт сөндіру автомашиналарына, сондай-ақ коммуналдық техника мен вахталық фургондарға арналған автокомпоненттер шығаратын жаңа зауытқа барды. Бұл кәсіпорын «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ қаржылық қолдауымен іске қосылды. Зауытты аралау барысында Төтенше жағдайлар министрімен бірге «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ Басқарма төрағасы Ринат Гаппаров, сондай-ақ «Автокомпоненты KZ» ЖШС басшылығы қатысты.

Ауқымды инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ автокомпоненттер өндіру үшін 68 бірлік жаңа, заманауи кешенді жабдық сатып алуды қолдады. Жоғары технологиялы аппаратура әртүрлі мақсаттағы станоктарды, компрессорларды, көтергіштерді, электрлік крандарды, гидравликалық гильотиндерді, лазерлерді және дайын өнім шығаруға қажетті басқа да жабдықтарды қамтиды. Лизинг мерзімі – 5 жыл.

          - Қордың кез келген жобаны қолдаудағы басты критерийі – тиісті саланың ұзақ мерзімді дамуын қамтамасыз ететін экономикалық және әлеуметтік әсер. Бүгін біз отандық автомобиль жасау саласына арналған компоненттер шығаратын жаңа, шынымен де бірегей зауыттамыз. Халықаралық стандарттарға сәйкес келетін озық жабдықтармен қамтамасыз етілген бұл кәсіпорынның қызметі өрт сөндіру машиналарына арналған навес жабдықтар кешенін, сондай-ақ басқа да құрамдастарды шығаруға бағытталған. Осылайша біз қазақстандық үлесті айтарлықтай арттырып, отандық автомобиль жасау әлеуетін нығайтып отырмыз. Бұл өндіріс іске қосылуымен «Made in Kazakhstan» деген жазуы бар кезекті өнім пайда болды. «Өнеркәсіпті дамыту қоры» отандық өндірушілерді әрі қарай да жан-жақты қолдап, қазақстандық өнімдер қатарын кеңейту бағытында жұмыс істейтін болады. Қордың басты міндеті – жаңа қазақстандық зауыттардың конвейерінен жоғары деңгейде жергіліктендірілген дайын өнім шығуын қамтамасыз ету. Біз дәл осы мақсатқа басымдық беріп отырмыз, ал осы өндірістің іске қосылуы – соның айқын дәлелі, – деп атап өтті «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ Басқарма төрағасы Ринат Гаппаров.

Жаңа кәсіпорын өрт сөндірушілерге арналған отандық арнайы техниканы шығару өндірістік тізбегіндегі маңызды буын болып табылады және аталған автопродукциядағы импортқа тәуелділікті едәуір төмендетеді. Сондай-ақ жоба аясында алдағы уақытта жергілікті үлесті арттыру жоспарланып отыр.

«Автокомпоненты KZ» ЖШС зауытының өндірістік қуаттылығы – өрт сөндіру машиналарына арналған 250 бірлік технологиялық навес жабдықтар кешені.

Автокомпоненттер өндіретін кәсіпорынның «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ қаржылық қолдауымен ашылуының арқасында 105 жаңа жұмыс орны құрылып, бюджетке салық түсімдері артады.