ҚДБ мен ӨДҚ басшылары Қарағанды облысындағы жобалардың жүзеге асырылуымен танысты
Бірыңғай байланыс орталығы 70-77

ҚДБ мен ӨДҚ басшылары Қарағанды облысындағы жобалардың жүзеге асырылуымен танысты

ҚДБ мен ӨДҚ басшылары Қарағанды облысындағы жобалардың жүзеге асырылуымен танысты

15.03.2024

"Қазақстанның Даму Банкі" АҚ ("Бәйтерек" ҰБХ" АҚ еншілес ұйымы, бұдан әрі - ҚДБ, Банк) және "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ (бұдан әрі - ӨДҚ) өкілдері Қарағанды облысына барды. Сапар барысында ҚДБ басшысы Марат Елібаев пен ӨДҚ Ринат Гаппаров бірлескен жобалардың жұмысымен танысып, Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекбаевпен кездесті.

Сапар аясында тараптар өңірдегі инвестициялық жобаларды дамыту перспективаларын талқылап, ферросилиций шығаратын «Qaragandy Power Silicon», жолаушылар автобустары мен арнайы техника шығаратын «QazTehna», автомобиль шиналарын шығаратын «KamaTyresKZ» және тұрмыстық техниканы өндіретін «Silk Road Electronics» зауыттарында болды. Кәсіпорындарды аралау тараптарға өндірістік процестермен және жобаларды іске асыру барысымен егжей-тегжейлі танысуға мүмкіндік берді

 "Даму Банкі өңірлердегі инвестициялық жобаларды қолдауға үлкен мән береді, өйткені бұл экономикалық өсімге және азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға ықпал етеді. Қарағанды облысы тарихи тұрғыдан өнеркәсіптік дамыған өңір болып табылады және ҚДБ осы саладағы жобалардың бастамашыларымен өзара іс-шараларды жалғастыруға ниетті, бұл Қазақстанның барлық өңірлерінің орнықты дамуына жәрдемдесу жөніндегі ортақ стратегияның бір бөлігі болып табылады", - деп ҚДБ Басқарма Төрағасы Марат Елібаев атап өтті.

Өз кезегінде ӨДҚ Басқарма төрағасы Ринат Гаппаров: "Өнеркәсіпті дамыту қоры импортты алмастыруға бағытталған және экспорттық әлеуеті жоғары жобаларды қолдайды, сол арқылы ел өңірлерінің өнеркәсіптік әлеуетін дамытуға ықпал етеді. Жобаларды қолдау жаңа жұмыс орындарын құруға, технологиялық базаны дамытуға және отандық тауарлардың әлемдік нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға көмектеседі."

Жұмыс сапары жергілікті атқарушы органдармен әріптестік қарым-қатынастарды нығайтуға бағытталған тағы бір қадам болды, оның мақсаты - бүкіл ел бойынша инфрақұрылымды және әлеуметтік маңызы бар жобаларды дамытудағы күш-жігерді біріктіру.