2025 жылғы 4 ақпанда Астана қаласының жедел медициналық жәрдем станциясы Қазақстанда шығарылған Hyundai Staria маркалы 19 санитарлық көлікті пайдалану үшін қабылдады. Бұған дейін, өткен жылдың желтоқсан айының соңында аталған станцияға 10 бірлік арнайы техника берілген еді. Жалпы алғанда, жеткізілген санитарлық көліктерді есепке алғанда, Қордың қолдауымен елордалық жедел жәрдем станциясының автопаркі 35 медициналық көлікпен толықтырылды.
Санитарлық автокөліктердің айтарлықтай жаңаруы медициналық қызметтердің сапасын жақсартуға, пациенттерді тасымалдау кезінде қауіпсіздік пен жайлылықты арттыруға мүмкіндік береді.
Жаңа жедел жәрдем көліктері жоғары технологиялық жабдықтармен қамтамасыз етілген және астананың суық ауа райы жағдайына төзімді, бұл медициналық бригадалар үшін аса қолайлы жағдай жасайды.
Бұл көліктер медициналық қызметкерлерге пациенттерге жылдам жетуге мүмкіндік береді.
2024 жылы «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ қолдауымен еліміздің медициналық мекемелері жалпы 260 жедел жәрдем автокөлігін алды.