Жеңілдетілген лизингке арналған сенім телефоны +7 (7172) 790 543
+7 (7172) 796 306 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша жедел желі телефоны

Индустрия министрлігі бизнес қоғамдастықты импортты алмастыратын жобаларды іске асыруға қатысуға шақырды

Индустрия министрлігі бизнес қоғамдастықты импортты алмастыратын жобаларды іске асыруға қатысуға шақырды

Кәсіпкерлерге жеңілдетілген қаржылық қолдау ұсынылады. Өңдеу өнеркәсібінде, атап айтқанда машина жасау, химия өнеркәсібі, металлургия, жеңіл өнеркәсіп және құрылыс материалдары өндірісінде импорттық өнімді алмастыратын негізгі инвестициялық жобалар пулын іске асыру үшін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі биылғы жазда бизнесті мемлекеттік ынталандыру бағдарламасын іске қосады.

Онда жеңіл шарттармен қаржыландыру, инфрақұрылымды дамыту және кадрлардың біліктілігін арттыру шаралары көзделген. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте министр Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді. Атап айтқанда, шағын және орта бизнес үшін өңдеу өнеркәсібі жобаларына пайыздық мөлшерлеме 3-тен 7%-ға дейін болады деп көзделген.

Жеңіл шарттармен қаржылай қолдау алу үшін: - жобаның басым бағыттарға сәйкес келуі (міндетті түрде қайта өңдеу саласына жатқызылуы); - Шағын және орта бизнес субъектісі болуы (ҚДБ қаржылық қолдауын пайдаланатындарды қоспағанда) тиіс. Бағдарлама биыл жаздың ортасында іске қосылады. Барлық рәсімдер
аяқталғаннан кейін БАҚ-та ақпарат ашық жарияланады.

"Құрметті бизнес қауымдастықтардың өкілдері, егер жобаларыңыз көрсетілген негізгі өлшемдерге сәйкес келсе, көрсетілген тікелей орындаушыларға хабарласуды сұраймыз. Барлық мәселелерді өз құзыретіміз шеңберінде қарастырып, пысықтауға дайынбыз", - деп мәлімдеді министр. Қайырбек Өскенбаев сондай-ақ, бірінші кезеңде 131 негізгі жобаны іске асыру 5,6 трлн теңге көлемінде инвестиция тартуға мүмкіндік беретінін, оның 1,3 трлн-ы ғана бюджеттік несие түрінде бөлінетінін айтты.

Сондай-ақ, Министрлік ел ішіндегі салааралық кооперацияны қамтамасыз ету және әлемдік деңгейдегі өнім берушілерді дамыту шараларын қолданады. Ұсынылатын қолдау шаралары шеңберінде бизнес үшін жұмыскерлердің жалақысын көтеру және қаржыландырылатын зауыттар айналасында өндірістік тізбеге енгізілген шағын және орта кәсіпорындардың белдеулерін құру сияқты қарсы міндеттемелер енгізіледі.

Министерство индустрии и инфраструктурного развития РК
Бәйтерек
Банк развития Казахстана