"KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ Тараздағы семинары барысында «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ қаржы құралдары туралы презентация ұсынылды
Бірыңғай байланыс орталығы 70-77

"KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ Тараздағы семинары барысында «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ қаржы құралдары туралы презентация ұсынылды

"KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ Тараздағы семинары барысында «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ қаржы құралдары туралы презентация ұсынылды

17.10.2024

2024 жылы 17 қазан күні Тараз қаласында «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ ұйымдастырған «Қазақстан Республикасындағы инвестициялық және кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдау шаралары» семинары өтті.

Іс-шараға «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ өңірлік өкілдігінің басшысы Марат Есенов, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Әбілқайыр Тамабек, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар комитеті төрағасының орынбасары Мұрат Закирьянов, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Еркін Атымтаев, «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ның Оңтүстік өңірдегі өкілі Ерлан Молдыраймов, квазимемлекеттік және коммерциялық компаниялардың топ-менеджерлері, инвесторлар мен жергілікті тауар өндірушілер қатысты.


Аталған семинар барысында уәкілетті органдардың инвесторлармен өзара әрекеттестігі, кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдау тетіктері, инвестициялық ахуалды жақсарту мәселелері талқыланды.

Іс-шараға, оның ішінде онлайн режимінде, 150-ден астам адам қатысты. Олар тікелей диалог режимінде қызықтырған сұрақтарын қойып, өз ұсыныстары мен бастамаларын білдіріп, отандық өндірушілерді одан әрі дамыту жолдарын талқылады.

Семинардың күн тәртібіндегі негізгі тақырыптардың бірі «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ның презентациясы болды.

Қордың Оңтүстік өңірдегі өкілі Ерлан Молдыраймов семинар қатысушыларына елдегі өнеркәсіп және өңдеу секторларын жүйелі қолдауға бағытталған қаржы институтының қызметі мен қаржыландыру бағдарламалары туралы айтып берді.

Спикер инвестициялық жобалар аясында лизингтік қаржыландыру бойынша жеңілдетілген сыйақы мөлшерлемелері, «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ құралдары арқылы қаржылық лизинг бойынша кепіл талаптарын төмендету, сондай-ақ қаржы институтына қарауға құжаттар пакетін дайындау барысында Қор қызметкерлері тарапынан жан-жақты қолдау көрсету мәселелеріне ерекше назар аударды.


Қордың өкілі «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ның отандық өндірушілерді, ғылымды қажетсінетін және жоғары технологиялық жобаларды кешенді қолдауды қамтитын қаржыландыру бағдарламалары туралы аудиторияны хабардар етті.

Презентация барысында Ерлан Молдыраймов жедел және шұғыл қызметтер үшін көлік, арнайы мақсаттағы автотехника, ауыл шаруашылығы техникасы, автобустар мен авиакөлік сатып алуды қамтитын әлеуметтік маңызы бар жобаларды қолдау және қаржыландыру шаралары туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Өз сөзінің соңында «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ өкілі семинарға қатысушыларды қызықтырған сұрақтарға жан-жақты жауап берді.