KazService мұнай-сервистік компаниялар одағының семинарында «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ қызметі таныстырылды
Бірыңғай байланыс орталығы 70-77

KazService мұнай-сервистік компаниялар одағының семинарында «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ қызметі таныстырылды

KazService мұнай-сервистік компаниялар одағының семинарында «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ қызметі таныстырылды

11.10.2024

2024 жылғы 11 қазанда Атырау қаласында Н.Ө.Балғымбаев атындағы Коммуникацияларды дамыту орталығында KazService мұнай-сервистік компаниялар одағы мен «Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) бірлесіп ұйымдастырған «Тауарлардағы жергілікті қамту: ел мен саланың стратегиялық дамуы» атты семинар өтті.

Іс-шараға KazService мұнай-сервистік компаниялар одағы Төралқасының төрағасы Рашид Жақсылықов, Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі Құдайберген Арымбек, Атырау облысының әкімі Серік Шапкенов, «Ғылым қоры» АҚ Басқарма Төрағасы Камил Ақатов, «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Мұрат Әмрин, "Теңізшевройл" ЖШС Бас директоры Кевин Лион, «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ның Батыс өңірі бойынша өкілі Марат Жарылқасынов, мұнай-газ секторының негізгі компанияларының топ-менеджерлері, жетекші салалық сарапшылар және жергілікті тауар өндірушілер қатысты.


Семинардың басты мақсаты – отандық өндірушілерді ірі жобаларға жедел тарту, өңірлік кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, өндірістік қуаттарын кеңейту, компаниялар арасындағы іскерлік байланыстарды нығайту және жергілікті қамтуды арттыру болды.

Семинарға 50-ден астам кәсіпорыннан 160-тан астам өкіл қатысты. Іс-шараның интерактивті форматы қатысушыларға ынтымақтастықтың нақты мүмкіндіктерін талқылауға, сондай-ақ ірі халықаралық және ұлттық компания өкілдеріне өз ұсыныстары мен бастамаларын білдіруге мүмкіндік берді.


Семинардағы негізгі тақырыптардың бірі «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ның презентациясы болды.

Қордың Батыс аймақтағы өкілі Марат Жарылқасынов семинар делегаттарына елдің өнеркәсіптік және инфрақұрылымдық секторларын кешенді дамытуға бағытталған қаржы институтының қызметі туралы, сондай-ақ ұсынылатын қаржыландыру тетіктері мен бағдарламалары жайлы жан-жақты ақпарат берді.


Марат Жарылқасынов жиналғандардың назарын инвестициялық жобалар аясында лизингтік қаржыландыру бойынша ұсынылатын жеңілдікті сыйақы мөлшерлемелеріне, «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ арқылы қаржы лизингі кезінде кепілдік талаптардың жеңілдетілуіне, сондай-ақ қаржы институтының қарауына қажетті құжаттарды дайындау барысында Қор қызметкерлерінің жан-жақты қолдауына аударды.

Қор өкілі өңдеу өнеркәсібі, қалдықтарды сұрыптау, қайта өңдеу және кәдеге жаратуға қатысты жобаларды қамтитын «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ның қаржыландыру бағдарламалары туралы егжей-тегжейлі баяндады.


Бұған қоса, Марат Жарылқасынов жедел және шұғыл қызметтерге арналған көлік, арнайы мақсаттағы техника, ауыл шаруашылығы техникасы, автобустар мен әуе көлігін сатып алуға бағытталған әлеуметтік маңызды жобаларды қолдау және қаржыландыру шаралары туралы да ақпарат берді.

Таныстырылым соңында «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ өкілі семинар делегаттарының қойған сұрақтарына толыққанды жауап беріп, қатысушыларға барынша түсінікті мәліметтер ұсынды.