Зауытта бірнеше өндірістік циклдарды іске қосу қарастырылған: дәнекерлеу, бояу, компоненттерді шығару, зерттеу орталығы, сондай-ақ техниканы сынау және тексеру үшін трек.
ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Қарағанды облысының Саран қаласында автобустар, электр автобустары мен арнайы техника шығаратын "QazTehna" зауытының ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды zakon.kz.
Кәсіпорын әлемдегі ең ірі автобус өндіруші "Yutong"компаниясымен серіктестікте құрылған. Жобаның құны шамамен 23 млрд теңгені құрайды, 1000-нан астам жаңа жұмыс орны құрылады. Жылдық жобалық қуаты – 1200 автобус пен электр автобус, сондай-ақ 500 бірлік арнайы техника.
Зауытта бірнеше өндірістік циклдарды іске қосу қарастырылған: дәнекерлеу, бояу, компоненттерді шығару, зерттеу орталығы, сондай-ақ техниканы сынау және тексеру үшін трек.
"Yutong" маркалы автобустар барлық континенттерде 30-дан астам елде жұмыс істейді. Техника қоғамдық тасымалдау саласындағы барлық әлемдік сапа стандарттарына сәйкес келеді. Автобустар мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған арнайы пандустармен, электронды билеттеу және бақылау жүйесімен жабдықталған.
Жаңа жоба Қарағанды облысының экономикасын дамытуға және отандық автобустармен қоғамдық көлікті жаңарту және жаңғырту жөніндегі Бағдарламаны іске асыруға серпін береді.
Үкімет басшысына Саран қаласының индустриялық аймағын, сондай-ақ "Оңай"электрондық билеттеу жүйесін одан әрі дамыту перспективалары туралы баяндалды.
Жұмыс сапары аясында Үкімет басшысы ТМД – дағы "Caterpillar" маркалы арнайы техника сервисінің және ауыр техника компоненттерін қалпына келтірудің толық циклі бар жалғыз "Борусан Макина Қазақстан" ЖШС-да болды.
https://www.zakon.kz/5051617-mamin-dal-start-proizvodstvu-v-sarani.html