Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауынан
Бірыңғай байланыс орталығы 70-77

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауынан

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауынан

03.09.2024

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділ Қазақстан: заң және тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты халыққа Жолдауында бүгін авиациялық инфрақұрылымды дамытудағы маңызды басымдықтарды айқындады.

Мемлекет басшысының айтуынша, негізгі міндеттердің бірі аэрохабтарды дамыту болып табылады. Қазіргі уақытта Қазақстан жыл сайын 150 мың тоннаға жуық авиажүкті өңдейді және таяу төрт жылда бұл көрсеткішті екі еселеу қажет.

Президент әуежайлардың жүк тасымалдау мүмкіндіктерін кеңейту үшін барлық жағдайды жасау қажеттігін атап өтті. Iшкi авиамаршруттарды, әсiресе негiзгi туристiк объектiлердегi инфрақұрылымға қатысты дамыту да жұмыстың маңызды бағыты болады.

«Балқаш және Алакөл курорттық аймақтарының ұшу-қону жолақтарын жаңғырту аяқталды. Жақын арада Катон-Қарағай, Зайсан және Кендірлі сияқты басқа да курорттық аймақтардың әлеуетін ашу қажет. Бұл облыстарда аэровокзал кешендері мен әуежайлар салу, сондай-ақ жол инфрақұрылымын жақсарту жоспарлануда. Бұл үдерісті қолдау үшін Өнеркәсіпті дамыту қорының қаражатын шағын авиацияның әуе кемелерін сатып алу үшін пайдалану қажет», - деді Мемлекет басшысы.