«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ («Қазақстанның Даму Банкі» АҚ еншілес ұйымы) Алматы облысындағы гофрленген қаптаманың өндірістік желісін жаңғырту бойынша «KZ Recycling» компаниясының жобасын қолдады.
Жоба Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде іске асырылуда.
Қордың инвестициялары қуаттылығы жылына 30 мың тоннаға дейін өнім беретін мамандандырылған жабдықтарды сатып алуға бағытталған.
Неміс, француз және швед өндірісіндегі бұл жоғары технологиялық жабдық үш түсті басып шығарумен күрделі немесе жалпақ кесілген гофрленген қаптамаларды жасау үшін пайдаланылады. Мұндай қаптама өнеркәсіптің көптеген салаларында сұранысқа ие, өйткені ол қол жетімді шығындар мен жақсы пайдалану қасиеттерін біріктіреді, сонымен қатар өнімнің осы түріне қойылатын барлық экологиялық талаптарға сәйкес келеді.
Жобаны іске асыру ішкі нарықта шығарылатын өнім ассортиментін кеңейтуге, бюджетке қосымша салық түсімдерін қамтамасыз етуге, сондай-ақ облыс тұрғындары үшін 65 жаңа тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.
Өнеркәсіпті дамыту қоры Алматы облысында гофрленген қаптама өндірісін қолдады
- Басты бет
- Баспасөз орталығы
- Жаңалықтар
Өнеркәсіпті дамыту қоры Алматы облысында гофрленген қаптама өндірісін қолдады
25.08.2023