"Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2020 жылғы 22 қыркүйекте қызметі өңдеуші кәсіпорындарды қолжетімді қаржыландыру көлемін ұлғайтуға және экономиканың нақты секторын қолдауға бағытталған даму институты ретінде құрылды.
Жобаларды іске асыру үшін нарықтық қаражатты тарту стратегиясын жалғастыра отырып, Қор KASE-де облигациялардың үшінші шығарылымын жүзеге асырды. Шығарылымның егжей-тегжейі мен Қордың қызметі туралы Басқарма төрағасының орынбасары Жанар Ибрашева айтып берді.
Облигациялардың үшінші шығарылымының көлемі 7 жыл айналыс мерзімімен 50 млрд теңгені құрады. 2021 жылғы 12 қарашада облигациялар KASE-де екінші деңгейдегі банктер, брокерлік және сақтандыру компаниялары сатып алған толық көлемде, табыстылық мөлшерлемесі 12,4% бойынша орналастырылды. Шығарылымның қаржылық кеңесшісі және андеррайтері Halyk Financе болды.
Қордың жұмыс бағыттарына келетін болсақ, лизингтік қаржыландыру негізгі қызмет болып табылады. Лизингтік қаржыландыруды ұсыну үшін маңызды критерий Қазақстанның индустриялық-инновациялық саясатын іске асыруға жәрдемдесу, кәсіпкерлік әлеуетін дамыту, атап айтқанда, әлеуметтік-экономикалық әсері бар және еңбек өнімділігін, өнім өндіру көлемін және оның экспортын ұлғайтуды көздейтін жобаларды қаржыландыру болып табылады.
Қор машина жасау, энергетика, құрылыс және тамақ саласы сияқты өнеркәсіп секторларында жұмыс істеп тұрған өндірістерді қаржыландыруды және жаңа өндірістерді құруды жүзеге асырады.
Коммерциялық лизингтік компанияларға қарағанда, отандық кәсіпорындарды қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды іске асыратын қор пайданы барынша көбейтуді басымдыққа қоймайды, ол мемлекеттік бағдарламалар тиімділігінің нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізуге бағытталған.
Жанар Шатырханқызы, Қордың осы облигациялар шығарылымын орналастырудан түскен ақшалай қаражатын не үшін жұмсау жоспарланып отыр?
- Облигациялардың қаражаты Қордың өңдеу өнеркәсібі саласындағы жаңа және іске асырылатын жобалары мен бағдарламаларын қаржыландыруға бағытталатын болады.
KASE алаңында облигацияларды шығару тәжірибесі туралы айтып берсеңіз?
- Ағымдағы шығарылым қор облигацияларының үшінші шығарылымы болып табылады. Айналым мерзімі 10 жыл, 50 млрд теңге көлемінде облигациялардың дебюттік шығарылымы өткен жылдың қараша айында жүзеге асырылды, ал екінші шығарылым ағымдағы жылдың наурыз айында ұқсас шығарылым көлемімен және облигациялардың айналым мерзімімен өтті. Жобаларды қаржыландыру үшін қаражатқа қажеттілікті ескере отырып, 50 млрд теңге мөлшерінде облигациялардың үшінші шығарылымы туралы шешім қабылданды. Жалпы, KASE алаңында облигацияларды жария орналастыруды қаржыландыру көздерін әртараптандырудың тиімді тәжірибесі деп санаймыз және оны болашақта жалғастыруды жоспарлап отырмыз.
Өнеркәсіпті дамыту қоры құрылғаннан кейін ұйымның қызметі қалай өзгерді?
- Өнеркәсіпті дамыту қоры құрылған сәттен бастап Үкіметтің тапсырмасы бойынша Қордың мандатын кеңейту туралы мәселе пысықталуда. Бұл өзгеріс Қор үшін отандық кәсіпорындарға кешенді қолдау көрсетуге қабілетті өнеркәсіпті дамытудың негізгі институты ретінде трансформация жолындағы маңызды қадам болады.
Қордың институционалдық даму мәселелері Қордың мәртебесі, мақсаттары мен мандаттары көзделген "өнеркәсіптік саясат туралы" заң жобасында қамтылған. Осы тұрғыдан алғанда, біз KASE-дегі листинг пен облигациялар шығарылымын қорға деген сенімді арттыратын және оның экономикаға инвестициялау бойынша мүмкіндіктерін кеңейтетін маңызды және қажетті қадам ретінде
Өнеркәсіпті дамыту қоры экономикаға инвестициялар тартады
- Басты бет
- Баспасөз орталығы
- Жаңалықтар
Өнеркәсіпті дамыту қоры экономикаға инвестициялар тартады
16.11.2021