"Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ қолдауымен жол жүру үшін "Оңай!” электрондық төлем жүйесін енгізу жобасы іске асырылды.
Жоба электронды билеттендіруді енгізуге, сонымен қатар Қарағанды және Алматы қалаларындағы қоғамдық көлікте жол жүру ақысын есепке алудың автоматтандырылған жүйесін (бұдан әрі - ЖЕААЖ) құруға бағытталған.
Бүгінгі таңда жүйеде күн сайын 2 миллионнан астам транзакция жасайтын 1.6 миллион белсенді "Оңай!” карта пайдаланушылары тіркелген. Жүйенің өзі халықаралық стандарттар мен экологиялық талаптарға сәйкес келеді, бұл сертификаттармен және жабдыққа рұқсаттармен расталады.
Жобаны іске асыру қоғамдық көлік жұмысының сапасын жақсартуға, жүргізушінің төлем қабылдау процесіне қатысуын барынша азайтуға ықпал етеді, сондай-ақ оңтайлы көліктік маршруттық желіні құруға мүмкіндік береді, бұл қалалық жолдардың кептелісін азайту арқылы автокөлікті тиімді пайдалануға әсер етеді.