Өнеркәсіпті дамыту қоры және "ҚазАвтоЖол"ҰК жол-көлік инфрақұрылымын дамыту туралы келісімге қол қойды
Call-center +7 (7172) 79-63-63

Өнеркәсіпті дамыту қоры және "ҚазАвтоЖол"ҰК жол-көлік инфрақұрылымын дамыту туралы келісімге қол қойды

Өнеркәсіпті дамыту қоры және "ҚазАвтоЖол"ҰК жол-көлік инфрақұрылымын дамыту туралы келісімге қол қойды

21.09.2023

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ («Қазақстанның Даму Банкі» АҚ еншілес ұйымы, бұдан әрі – Қор, ӨДҚ) және «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Қазақстанның жол-көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Құжатқа сәйкес, Қор өңірлердің қажеттіліктері үшін қазақстандық өндірістің 245 жол-пайдалану техникасын сатып алуға инвестиция жібереді.

Сатып алынатын техниканың негізгі бөлігі – аралас жол машиналары, шнекороторлы қар тазалағыштар және басқа да техника. Аралас жол машиналарын қолданудың кең мүмкіндіктері бар: қыста олар жолдарды қардан тазарту және көктайғаққа қарсы материалдарды тарату үшін, ал жазда – жол төсемін сыпыру және жуу, сондай-ақ жасыл желектерді суару үшін қолданылады.

Қазіргі уақытта «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ арнайы техника паркінің тозуы 65% - құрайды, жаңартудан кейін бұл көрсеткіш 55% - ға дейін төмендейді. Техниканың барлық көлемін ағымдағы жылдың қысқы кезеңі басталғанға дейін жеткізу жоспарлануда.

Жоба Қазақстан Республикасының өңдеу өнеркәсібін дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында жүзеге асырылуда және 245 тұрақты жұмыс орнын қамтамасыз етеді.