Өнеркәсіпті дамыту қорының қолдауымен 14 инватакси бірлігі Астана әкімдігіне берілді
Call-center +7 (7172) 79-63-63

Өнеркәсіпті дамыту қорының қолдауымен 14 инватакси бірлігі Астана әкімдігіне берілді

Өнеркәсіпті дамыту қорының қолдауымен 14 инватакси бірлігі Астана әкімдігіне берілді

28.05.2024

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында қалада инватакси санының 30 бірлікке артқаны туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Ағымдағы жылы инватакси саны 30 бірлікке арттырылды. Егер, мысалы, өткен жылы 117 көлік болса, бүгінгі күні 145 көлік бар.

Инватаксидегі маңызды мәселе - кресло-арбалармен жүретін мүгедектігі бар адамдарға арналған мамандандырылған машиналардың санын көбейту. Мұндай арнайы машиналардың саны 26-ға дейін өсті. Бүгін көлік министрі Марат Қарабаевпен бірге осындай арнайы машиналардың артықшылықтарымен таныстық.


Соңғы екі жыл ішінде инватакси саны екі есеге жуық арттырылып отыр. Инватакси мүгедектігі бар адамдарға тең мүмкіндіктер беріп, олардың әлеуметтік интеграциялануына және өмір сүру сапасын, қозғалыс еркіндігін жақсартуға ықпал етеді. Жаңа техника көрсетілетін қызметтердің жеделдігін, үйлесімділігін және тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік береді.

Количество увеличили в Астане, фото - Новости Zakon.kz от 28.05.2024 16:17

Сонымен қатар, оңалту орталықтарының желісін, қалалық ортаның қолжетімділігін, протездік-ортопедиялық көмекті, санаторий-курорттық емдеуді және т. б. кеңейту бойынша жұмыс атқарудамыз.