2024 жылғы 10-11 желтоқсан аралығында Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Қостанай облыстарының, сондай-ақ Астана және Алматы қалаларының Төтенше жағдайлар департаменттерінің жеке құрамына «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ның қаржылай қолдауымен Қазақстанда өндірілген 30 бірлік «Skoda Kodiaq» маркалы арнайы автокөлік берілді. Оның ішінде:
- Ақмола облысы ТЖД – 5 арнайы автокөлік;
- Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД – 5 арнайы автокөлік;
- Қарағанды облысы ТЖД – 5 арнайы автокөлік;
- Қостанай облысы ТЖД – 5 арнайы автокөлік;
- Алматы қаласының ТЖД – 5 арнайы автокөлік;
- Астана қаласының ТЖД – 5 арнайы автокөлік.
Бұл заманауи, өтімділігі жоғары арнайы техника төтенше жағдайлар департаменттерінің жедел-құтқару бөлімшелеріне оқиға орнына қиын климаттық жағдайларда, рельефті немесе жолсыз аймақтарда жылдам жетуге мүмкіндік береді.
Өздеріңіз білетіндей, қажетті көмек көрсету кезінде әрбір минут қымбат. Төтенше жағдайлар әртүрлі сипатта болуы мүмкін, бірақ олар әрдайым жедел әрекет етуді талап етеді. Мұны құтқару қызметінің тәжірибелі мамандарының жұмысы растайды.