
2025 жылғы 14 қарашада, кәсіби мереке қарсаңында, «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ Басқарма төрағасының орынбасарлары Азат Абайдильдин мен Максим Приймаков, Өңірлік жобалық дирекцияның басшысы Асылхан Зикенов және Қордың Жобалық талдау департаментінің директоры Ернар Абылқасов Қаржыгер күні мен Ұлттық валюта күніне орай берілген марапаттарға ие болды.
Азат Абайдильдин мен Максим Приймаков «Экономика саласын дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды, ал Асылхан Зикенов пен Ернар Абылқасов «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасы Рустам Карагойшиннің атынан берілген Алғыс хаттарды алды. Аталған жоғары кәсіби марапаттарды Қор өкілдеріне салтанатты жағдайда «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасы Рустам Карагойшин табыстады.

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Азат Абайдильдин жоғары экономикалық білімі бар, жалпы еңбек өтілі 22 жылдан асады. Ол мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда басшылық лауазымдарда жұмыс істеген.
2017 жылдан бастап Өнеркәсіпті дамыту қорының Жобалық дирекциясын басқарды, ал 2023 жылы Қор Басқарма төрағасының орынбасары болып сайланды.
Азат Талғатбекұлының тікелей қатысуымен лизингтік портфель мен іске асырылған инвестициялық жобалардың саны айтарлықтай артты, сондай-ақ мәмілелерді талдау сапасы жақсартылды.

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Максим Приймаков жоғары заң біліміне ие, құқық магистрі. Жалпы еңбек өтілі 17 жылдан асады, оның ішінде банктік секторда — «Казкоммерцбанк» АҚ және «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-да жұмыс істеген.
Максим Максимович «Өнеркәсіпті дамыту қорында» 7 жылдан астам жұмыс істейді. 2018 жылдан бастап Қордың Заң департаментін басқарды, ал 2022 жылы оның академиялық білімі, стратегиялық ойлау қабілеті, ұйымдастырушылық және коммуникативтік дағдылары ескеріліп, Басқарма төрағасының орынбасары болып сайланды.
Максим Приймаковтың басшылығымен лизингтік және қарыздық мәмілелер бойынша кешенді сараптама шеңберіндегі қорытындыларды дайындау сапасы айтарлықтай артты, шарттық база жетілдірілді және талап-арыз жұмысы оңтайландырылды.

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ Өңірлік жобалық дирекциясының басшысы Асылхан Зикенов жоғары экономикалық білімі бар, жалпы еңбек өтілі 8 жылдан асады. Ол квазимемлекеттік және жеке секторда жұмыс істеген, оның ішінде шамамен 4 жыл — Өнеркәсіпті дамыту қорында. Қорда №3 Жобалық дирекцияның лизингтік мәмілелер жөніндегі маманынан Өңірлік жобалық дирекцияның басшысына дейін өсті.
Асылхан Берікұлының басшылығымен Өңірлік жобалық дирекция айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді: инвестициялық жобалардың, лизингтік мәмілелердің және қарыздық операциялардың индикативтік шарттарын іріктеу және қарау процестері жетілдірілді, ішкі рәсімдер мен қазіргі және перспективалық жобаларды сүйемелдеу сапасы артты.
ӨДҚ Жобалық талдау департаментінің директоры Ернар Абылқасов жоғары экономикалық білімі бар, жалпы еңбек өтілі 18 жылдан асады. Ол банктік және квазимемлекеттік секторда жұмыс істеген, оның ішінде «АТФ Банк» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ және «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ. 2023 жылы «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ Жобалық талдау департаментінің директоры болып тағайындалды.
Ернар Дүсенбайұлының басшылығымен Жобалық талдау департаменті маңызды нәтижелерге қол жеткізді: жобалық талдау жүргізу әдістемесі әзірленіп, бекітілді, оның сапасы артты, сондай-ақ іске асырылып жатқан жобалардың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін бағалау бойынша бизнес-процестер жетілдірілді.




