Қостанай облысында «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ мен «Жасыл даму» АҚ-ның қолдауымен қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу кәсіпорны іске қосылды
Бірыңғай байланыс орталығы 90-77

Қостанай облысында «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ мен «Жасыл даму» АҚ-ның қолдауымен қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу кәсіпорны іске қосылды

chat-bgov

Кеңес ал!

Қостанай облысында «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ мен «Жасыл даму» АҚ-ның қолдауымен қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу кәсіпорны іске қосылды

19.09.2025


Қостанай облысының Рудный қаласында «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ мен «Жасыл даму» АҚ-ның қаржылық қолдауымен қатты тұрмыстық қалдықтарды (ҚТҚ) сұрыптау және құрылыс қалдықтарын қайта өңдеу бойынша жаңа кәсіпорын іске қосылды. Бұл экологиялық жобаны жүзеге асыру аясында халықаралық стандарттарға сай келетін жаңа, заманауи жабдықты жеңілдетілген 3% жылдық мөлшерлемемен 13 жыл мерзімге сатып алуға қолдау көрсетілді.

«Рудный-Абат-2006» ЖШС-нің қалдықтарды қайта өңдеу кешені Қостанай облысының бүкіл аумағынан түсетін ҚТҚ-ны, соның ішінде жеке тұлғалардан және құрылыс-монтаж жұмыстарын, ғимараттарды бұзу мен сүруді жүзеге асыратын кәсіпорындардан келетін қалдықтарды қайта өңдеуге бағытталған. Мұндай жұмыстар нәтижесінде қайта өңдеуге жарамды көлемді шикізат пайда болатыны белгілі. Кәсіпорын жыл сайын 50 000 тонна ҚТҚ мен 30 000 тонна құрылыс қалдықтарын сұрыптап, қайта өңдеуге мүмкіндік береді.


Жаңа кәсіпорын макулатура, картон, пластик пен полимер бұйымдары, әйнек сынықтары, металл сынықтары, шағыл және стандартқа сай емес құрылыс материалдары сияқты қалдық түрлерін қайта өңдеуді жүзеге асырады.

Қалдықтарды қайта өңдеу кешенін құру өндірісте қайта қолдануға болатын екінші реттік пайдалы материалдарды жүйелі сұрыптау, өңдеу, сақтау және өткізу арқылы қоршаған ортаға экологиялық жүктемені және эмиссияны азайтуға айтарлықтай үлес қосады.


ҚТҚ-ны сұрыптау және қайта өңдеу кәсіпорнының ашылуының нәтижесінде «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ның қаржылық қолдауымен 30-дан астам жаңа жұмыс орны құрылып, өңірдің экологиялық қауіпсіздігі артады.

Айта кетейік, 2024 жылдан бастап Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасы аясында «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігімен және «Жасыл даму» АҚ-мен бірлесіп, қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау, қайта өңдеу және кәдеге жарату жұмыстарымен айналысатын кәсіпорындарды қолдауға бағытталған бағдарламаны жүзеге асыруда. Бұл бағдарлама экологиялық тепе-теңдікті нығайтуға бағытталған.


Экологиялық ESG-күн тәртібі «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ның негізгі басымдықтарының бірі болып табылады. Қор «жасыл» инвестициялық жобаларды қолдауға ерекше көңіл бөледі.

Еске сала кетейік, 2024 жылы халықаралық рейтинг агенттігі Sustainable Fitch «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ға ESG-рейтингті «2» деңгейінде, жалпы 63 балмен берді. Бұл – еліміздің қаржы секторы құрылымдары арасында берілген ең жоғары бағалардың бірі. Белгілі болғандай, ESG-күн тәртібі, ең алдымен, экологиялық және әлеуметтік факторларды қамтиды.