Павлодар құбыр илек зауыты «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ қаржылай қолдауымен өндірісті кешенді жаңғыртуды жүзеге асырды
Бірыңғай байланыс орталығы 70-77

Павлодар құбыр илек зауыты «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ қаржылай қолдауымен өндірісті кешенді жаңғыртуды жүзеге асырды

Павлодар құбыр илек зауыты «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ қаржылай қолдауымен өндірісті кешенді жаңғыртуды жүзеге асырды

10.01.2025


«Павлодар құбыр илек зауыты» ЖШС «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ қаржылай қолдауымен өндірістік процесті кешенді техникалық қайта жарақтандыру бойынша ауқымды жобаны іске асырылды. Лизинг жылдық 9% мөлшерлемесімен 5 жыл мерзімге берілді.

Отандық кәсіпорын болат өнімдерінің ассортиментін кеңейтуге, технологиялық процестерді оңтайландыруға және қалдықсыз өндірісті жолға қоюға мүмкіндік беретін энергия үнемдейтін және экологиялық таза жүйелерді қамтитын заманауи, жоғары өнімді жабдықтарды сатып алды.


Павлодар құбыр илек зауытының жаңғырту жұмыстары өндірістік қуатты жылына 15 700 тонна болат құбыр шығаруға және 454 тонна болат сым өндірісін ұйымдастыруға бағытталған.

Кәсіпорын металл өнімдерін ішкі нарыққа жеткізіп қана қоймай, оны көрші елдерге экспорттауды да жоспарлап отыр.

Аталған өнім азаматтық және өнеркәсіптік құрылыс, инженерлік желілерді төсеу және монтаждау, су және газ құбырлары мен жылыту жүйелерін орнату салаларында жоғары сұранысқа ие.


«Павлодар құбыр илек зауыты» ЖШС 2007 жылы құрылған және осы уақыт ішінде кәсіпорын 100% жергілікті қамту үлесімен болат өнімдерін өндіруде мол тәжірибе жинақтады. Қазіргі таңда зауыттың өндірістік базасынан бөлек, Астана, Алматы, Павлодар, Шымкент және Атырау қалаларында қоймалары бар кеңейтілген сауда желісі бар.

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ қаржылай қолдауымен жүзеге асырылған Павлодар құбыр илектеу зауытын кешенді жаңғырту 34 жұмыс орнын құруға және сақтап қалуға, сондай-ақ мемлекеттік бюджетке түсетін салықтық аударымдарды арттыруға мүмкіндік береді.