Павлодар облысының теміржол кластерінің кәсіпорындары «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-тың қолдауына ие болды.
Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасының аясында Өнеркәсіпті дамыту қорының қолдауымен Павлодар облысының Екібастұз қаласында «ФерроТрансТрейд» ЖШС-ның «Рельстік бекітпелерге арналған W-үлгісіндегі серпінді клеммалар, сонымен қатар жол бұрандылары өндірісін ұйымдастыру» және «Проммашкомплект» ЖШС-ның «Теміржол дөңгелектері өндірісі бойынша кешеннің қуатын арттыру» жобалары іске асырылып отыр.
«ФерроТрансТрейд» ЖШС зауыты шығаратын заманауи клеммалар мен рельстік бекітпелерді дүние жүзіндегі теміржол құрылысшылары бағалайды. Зауытта Германия мен Австрияда өндірілген жоғары технологиялы жабдық орнатылған, оның арқасында өнімдер жоғары сапаға ие болып, шетелдік аналогтарынан кем түспейді.
????️Зауыт жыл сайын 3 млн рельстік бекітпелер мен 4,5 млн полимерлік төсеу өндіреді. 160 жаңа жұмыс орны құрылып үлгерді.
⚙️ «Проммашкомплект» ЖШС бүгінгі күні темір жолға арналған диаметрлердің кең желісіндегі және дисктің әртүрлі құрылымындағы тұтас таптамалы дөңгелектерді өндіру бойынша Қазақстандағы алғашқы және бірден-бір кәсіпорын.
Зауытта жоғары өнімділікке және ақаулардың ең төмен пайызына қол жеткізуге мүмкіндік беретін су жаңа роботтандырылған технологиялық жабдық орнатылған. Тиімді шешімдер өнімдердің өзіндік құнының өсуіне барынша тежейді, бұл ретте дайындалатын өнімдер сертификаттау бойынша халықаралық талаптарға сәйкес келеді және экспортқа сәтті шығарылады.
Зауыттың ағымдағы қуаты кезінде 750 жаңа жұмыс орны құрылды. 300 мыңға дейін дөңгелек өндіруге мүмкіндік беретін қосымша жабдық пайдалануға қосылды. Заманауи еуропалық жабдықты сатып алу «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-тың қолдауымен жүзеге асырылды.
Аталған жобаларды іске асыру ішкі қажеттілікті өтеуге және теміржол саласындағы еліміздің шикізаттық емес экспортының үлесін арттыруға мүмкіндік береді.
Павлодар облысының кәсіпорындары "ӨДҚ" АҚ-ның қолдауына ие болды
- Басты бет
- Баспасөз орталығы
- Жаңалықтар
Павлодар облысының кәсіпорындары "ӨДҚ" АҚ-ның қолдауына ие болды
05.11.2021