ҚР Парламенті Сенатында «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ басшылығының қатысуымен климаттық жобаларды іске асыру мәселелері бойынша кездесу өтті
Бірыңғай байланыс орталығы 9077

ҚР Парламенті Сенатында «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ басшылығының қатысуымен климаттық жобаларды іске асыру мәселелері бойынша кездесу өтті

chat-bgov

Кеңес ал!

ҚР Парламенті Сенатында «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ басшылығының қатысуымен климаттық жобаларды іске асыру мәселелері бойынша кездесу өтті

20.11.2025


2025 жылғы 19 қарашада Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Аграрлық мәселелер, табиғат пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің мемлекеттік органдар мен даму институттарының өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті. Талқылаудың негізгі тақырыбы – тұрақты даму, көміртек ізін азайту және елдегі экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған климаттық жобалар болды.

Отырысқа Сенат комитетінің төрағасы Әли Бектаев, комитет құрамындағы Сенат депутаттары, «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Азат Абайдильдин, Қазақстан Республикасының экология және табиғи ресурстар вице-министрі Жомарт Әлиев, Қазақстан Республикасының Индустрия және құрылыс министрлігінің өкілдері, «Жасыл даму» АҚ басшылығы қатысты.


«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Азат Абайдильдин қатысушыларға Қордың экологиялық жобаларға кешенді қолдау көрсету, олардың тиімділігі және «жасыл» инфрақұрылымды дамыту бойынша перспективалық жоспарлары туралы ақпарат берді. Спикер экологиялық тепе-теңдікті сақтау бағытындағы басым жобаларға ерекше назар аударды. Атап айтқанда, өңірлерде қоқыс өңдеу кешендерін қаржыландыру, қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау бойынша арнайы техника паркін жаңарту, өндірісте экологиялық таза технологияларды қолданатын кәсіпорындарды қолдау мәселелері атап өтілді. Сонымен қатар, Қордың қаржылық қолдауымен мемлекеттік органдардың, оның ішінде салалық экологиялық бағдарламаларды іске асыратын құрылымдардың автокөлік құралдары жүйелі түрде жаңартылып келеді.

Айта кетейік, 2025 жылы халықаралық рейтинг агенттігі Sustainable Fitch Өнеркәсіпті дамыту қорының ESG-рейтингін «2» деңгейінде растады және оның жалпы балын 63-тен 66-ға дейін көтерді. Белгілі болғандай, ESG күн тәртібі бірінші кезекте экологиялық және әлеуметтік факторларды қамтиды, және бұл бағалау Қордың экологиялық және әлеуметтік маңызы бар жобаларға салған елеулі инвестицияларын көрсетеді.


Сенат депутаттары, мемлекеттік органдар мен даму институттарының өкілдері экожүйені сақтау және жақсарту бағытында тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін күш біріктірудің маңыздылығын атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар экологиялық қауіпсіздікті арттыру және «жасыл» экономика көрсеткіштеріне қол жеткізуге бағытталған шешімдерді бірлесіп әзірлей отырып, жүйелі жұмысты жалғастыру жөнінде уағдаласты.