Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ның қолдауымен Солтүстік Қазақстан облысы ПД-нің полиция қызметінің автопаркі жаңа қызметтік автокөліктермен толықты.
Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында жұмыстың сервистік моделіне көшу аясында «полицияның қадамдық қолжетімділігі» қағидатын іске асыру туралы міндет қойды. Ол учаскелік полиция инспекторына нәтижелі жұмыс істеу үшін барлық мүмкіндіктерді ұсыну қажеттігін атап өтті. Аталған тапсырманы орындау үшін осы қызметті материалдық-техникалық нығайту бойынша жұмыс жүргізілуде, бұл полицейлердің шұғылдығына және құқық тәртібін қамтамасыз ету бойынша тиімділікке ықпал етеді.
«ӨДҚ» АҚ-ның лизингтік қаржыландыру аясында отандық өндірістің 86 автокөлігі сатып алынды. Барлық автокөліктер учаскелік полиция инспекторларының жұмысына арналған. Сатып алынған автокөліктердің басым бөлігі, бір учаскелік полиция инспекторы бірнеше елді мекенде қызмет атқаратын ауылдық жерлерге аттанады. Барлық патрульдік көліктер жабдықталған:
ЭРА-ГЛОНАСС төтенше хабарлау жүйесі
Иммобилайзер, борттық компьютер
Қауіпсіздік жастығы
Есік құлыптарын жабу/ашу және жүксалғыштың қақпағын ашуды қашықтан басқару
Қосымша жабдықтар — МЕМСТ-ке сәйкес СМУ, арнайы бояу және желімдеу.
Жаңартылған автопарк полиция қызметкерлеріне қылмысты азайту және алдын алу жөніндегі міндеттерді лайықты орындай отырып, барынша жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.
СҚО Полиция департаментіне 84 автокөлік берілді
- Басты бет
- Баспасөз орталығы
- Жаңалықтар
СҚО Полиция департаментіне 84 автокөлік берілді
06.08.2021