Бұдан бұрын хабарланғандай, 2018-2020 жылдарға арналған автобус тасымалдарын дамыту жөніндегі кешенді бағдарлама шеңберінде «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ 2018 жылы «Semey Bus» ЖШС-ның (бұдан әрі – Лизинг алушы) өтінімі бойынша «Семей қаласының қоғамдық көлігін жаңарту» лизингтік жобасын қаржыландырды. Семей қаласында жолаушыларды тасымалдау қызметін көрсету үшін Лизинг алушыға 170 бірлік автобус берілді. Жобаны іске асыру барысында «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ лизинг төлемдерін төлеу мерзімін ауыстыруды, мәмілені қайта құрылымдауды, оның ішінде дүниежүзілік COVID-19 пандемиясына және жолаушылар тасымалының шектеулеріне байланысты Лизинг алушыға бірнеше рет қолдау көрсетті.
«Semey Bus» ЖШС пандемия басталғанға дейін де, мемлекеттік органдар шектеу шараларын алып тастағаннан кейін де қайта құрылымдау шарттарын орындамады. Міндеттемелерді орындамау мерзімі 440 күннен асты. 2021 жылғы 16 сәуірдегі жағдай бойынша 4 млрд. теңгеден астам берешек пайда болды. Лизинг алушы тарапынан борышты өтеу жөнінде шаралар қолданылмады, осыған байланысты «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ Лизинг алушыға мерзімі өткен берешектің бар екендігі туралы бірнеше рет хабарлама, сондай-ақ борышкер тарапынан орындаусыз қалдырылған лизинг нысаналарын талап ету мүмкіндігі туралы ескерту жіберді.
Лизинг алушының қаржы лизингі шарты бойынша міндеттемелерін бірнеше рет бұзуына және пайда болған берешегіне, автобустарды меншік иесіне өз еркімен беруден бас тартуына байланысты «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ Басқармасының шешімімен Лизинг алушыға экономикалық дефолт жарияланды. «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ 2021 жылғы 5 мамырда Нұр-Сұлтан қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына лизинг нысаналарын талап ету туралы өтініш берді, ол толық қанағаттандырылды. Қазіргі уақытта автобустарды алып қою және Семей қаласында тұрақты жолаушылар тасымалын қамтамасыз ету үшін жаңа Лизинг алушыны іздеу рәсімі басталды.
Сот «Semey Bus» ЖШС-ға автобустарды «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ға беруді міндеттеді
- Басты бет
- Баспасөз орталығы
- Жаңалықтар
Сот «Semey Bus» ЖШС-ға автобустарды «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ға беруді міндеттеді
12.08.2021