Түркістан облысында «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ның қаржылық қолдауымен шағын өнеркәсіптік аймақ ашылды
Бірыңғай байланыс орталығы 90-77

Түркістан облысында «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ның қаржылық қолдауымен шағын өнеркәсіптік аймақ ашылды

chat-bgov

Кеңес ал!

Түркістан облысында «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ның қаржылық қолдауымен шағын өнеркәсіптік аймақ ашылды

08.07.2025

Түркістан облысының Сауран ауданында «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ның қаржылық қолдауымен жаңа шағын өнеркәсіптік аймақ іске қосылды. Бұл аймақ жаңа өндірістерді қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге және жұмыс істеп тұрған өнеркәсіптік кәсіпорындардың қуаттарын арттыруға арналған.

«Түркістан» ӘКК аумағында орналасқан жаңа шағын өнеркәсіптік аймақтың қызметі шағын және орта бизнес субъектілерін дайын өндірістік нысандармен қамтамасыз етуге бағытталған. Осылайша, Қордың қолдауымен отандық өндірушілердің дамуына қосымша жағдайлар жасалуда.

Түркістан облысындағы шағын өнеркәсіптік аймақ жалпы ауданы 8 гектардан асатын аумақта орналасқан, 27 000 ш.м. болатын 17 заманауи өндірістік ғимаратты қамтиды. Бұл кең нысандарда тігін өнеркәсібінен бастап құрылыс материалдарын өндіруге дейін әртүрлі саладағы өндірістер орналастырылады.

Бастапқы кезеңдегі өндірушілер үшін басты мәселелердің бірі — қажетті өндірістік нысанды сатып алу немесе жалға алу екені белгілі. Қордың бастамасы дәл осы өзекті мәселені шешуге бағытталған: өндірісін енді бастайтын немесе жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың өндірістік кеңістікті кеңейтуіне мүмкіндік беру.

Аталған шағын өнеркәсіптік аймақтың іске қосылуындағы маңызды фактор — отандық кәсіпкерлердің нарықтық бағадан едәуір төмен қолжетімді бағада өндірістік нысандарды пайдалануға мүмкіндігі. Бұл бизнес жүргізуге қосымша ынталандыру болып табылады.

Жалпы алғанда, «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ның қаржылық қолдауымен шағын өнеркәсіптік аймақтар құрудың бірнеше негізгі мақсаты бар:


  • Кәсіпкерлерге инфрақұрылымдық қолдау көрсету — шағын және орта бизнеске арналған дайын әрі қолайлы өндірістік база қалыптастыру. Бұл кәсіпкерлерге бастапқы шығындарды азайтып, өндірісті дамытуға толықтай шоғырлануға мүмкіндік береді;
  • Бәсекеге қабілетті өндірістік қуаттарды дамыту — шағын өнеркәсіптік аймақтар тек жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды қолдауға емес, жаңа өндірістердің пайда болуына да ықпал етеді;
  • Жергілікті халықты жұмыспен қамту — осы аймақтардағы шағын және орта бизнестің дамуы жаңа жұмыс орындарының ашылуына ықпал етеді.


Сонымен қатар, шағын өнеркәсіптік аймақтарды құру ел экономикасының нығаюына, шағын және орта бизнестің үлесінің артуына, салық түсімдерінің көбеюіне және ұзақ мерзімді мультипликативтік әсерге септігін тигізеді.