Түркістанда «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ қаржылық қолдауымен автомобильдік газкомпрессорлық станция пайдалануға берілді
Бірыңғай байланыс орталығы 1408

Түркістанда «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ қаржылық қолдауымен автомобильдік газкомпрессорлық станция пайдалануға берілді

chat-bgov

Кеңес ал!

Түркістанда «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ қаржылық қолдауымен автомобильдік газкомпрессорлық станция пайдалануға берілді

13.03.2026


2026 жылғы 12 наурызда Түркістан облысының орталығында «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ның қаржылық қолдауымен барлық санаттағы автокөліктерге арналған жаңа газ толтыру компрессорлық станциясы пайдалануға берілді. Экологиялық бағыттағы нысанның ашылу рәсіміне Қор Басқармасы Төрағасының орынбасары Азат Абайдильдин, Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпұхар Жолдасов, Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы, «Компрессорлық станциялар 3» ЖШС құрылтайшысы Болат Бушанов қатысты.

Аталған жобаны іске асыру аясында «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ жылдық 12,6% мөлшерлемемен 7 жыл мерзімге қаржыландыру ұсынды.


Нысанның жобалық қуаттылығы сағатына 2400 текше метрге дейін жетеді, бұл тәулігіне шамамен 250 көлік құралын жанармаймен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бұл станция осы жоба шеңберіндегі бірінші болып табылады, жалпы ағымдағы жыл соңына дейін бүкіл ел бойынша көлікті экологиялық таза отынмен қамтамасыз ететін 24 ұқсас заманауи нысаннан тұратын желі салу жоспарлануда.

Газкомпрессорлық станциялар желісін құру экологиялық теңгерімді сақтауға оң әсер етеді, газ қозғалтқышты көлікті дамытуға, өңірдің логистикалық және туристік әлеуетін нығайтуға ықпал етеді, қоршаған ортаға зиянды шығарындыларды азайтуға елеулі үлес қосады.


- Осы нысанды пайдалануға беру «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі бойында автомобильдік газ станциялары желісін құру жөніндегі ауқымды жобаның бөлігі болып табылады. Бұл жобаларды іске асыру Еуразияның негізгі транзиттік бағыттарының бірінде табиғи газды пайдалануға арналған заманауи инфрақұрылымды қалыптастыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ экологиялық таза отын түрлерін енгізу және неғұрлым экологиялық таза энергетикалық жүйені қалыптастыру жолындағы маңызды қадам болып табылады. Бұл мемлекет қолдауымен ұзақ мерзімді экономикалық құндылық жасайтын, ел экономикасының тұрақтылығын арттыратын өнеркәсіптік және инфрақұрылымдық бастамаларды қолдау жөніндегі миссияның дәйекті түрде іске асырылуының жарқын мысалы, - деп атап өтті «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ Басқармасы төрағасының орынбасары Азат Абайдильдин.

Түркістандағы газкомпрессорлық станция Самара – Шымкент тарасы бойында орналасқан, осы жанармай құю кешенінің негізгі тұтынушылары транзиттік жүк және жолаушы көліктері болады.

Станцияны газбен қамтамасыз ету магистральдық газ құбырынан тікелей жүзеге асырылады, осылайша шикізаттың үздіксіз жеткізілуі қамтамасыз етіледі. Осыған байланысты, газ компрессорлық станциялар желісін пайдалануға беру перспективалы болашақта автомобиль отынының өзіндік құнының төмен болуына байланысты азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға оң әсер етеді және сәйкесінше өнімді тасымалдау кезіндегі логистикалық шығындардың төмендеуіне ықпал етеді.


«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ қаржылық қолдауымен Түркістанда жаңа автомобильдік газкомпрессорлық станцияны пайдалануға беру 20-дан астам жаңа жұмыс орнын ашуға және бюджетке салықтық түсімдердің өсуіне әкеледі.

Атап өтейік, экологиялық ESG-күн тәртібі «жасыл» жобаларды қолдауға ерекше назар аударатын Қордың іргелі басымдықтарының бірі болып табылады.

Еске сала кетейік, 2025 жылы Sustainable Fitch халықаралық рейтингтік агенттігі Өнеркәсіпті дамыту қорының жиынтық балын 63-тен 66 тармаққа дейін көтерді және ESG рейтингін «2» деңгейінде растады.