«Бал Текстиль» ЖШС «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ қаржылай қолдауымен заманауи кілем тоқу жабдығын сатып алды
Бірыңғай байланыс орталығы 90-77

«Бал Текстиль» ЖШС «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ қаржылай қолдауымен заманауи кілем тоқу жабдығын сатып алды

chat-bgov

Кеңес ал!

«Бал Текстиль» ЖШС «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ қаржылай қолдауымен заманауи кілем тоқу жабдығын сатып алды

17.07.2025

Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» АЭА аумағында орналасқан «Бал Текстиль» ЖШС «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ның қаржылай қолдауының арқасында кілем өндіруге арналған жаңа, жоғары технологиялық жабдық сатып алды. Қаржылық лизинг мерзімі – 10 жыл.


Отандық фабрикаға жеткізілген, Бельгияда өндірілген еуропалық кілем тоқу жабдығының қуаттылығы жылына 175 200 шаршы метр кілем жабынын өндіруге мүмкіндік береді. Бұл кәсіпорынның өндіріс көлемін едәуір арттырып, еліміз азаматтары арасында тұрақты сұранысқа ие өнімнің қолжетімділігін қамтамасыз етеді.

«Бал Текстиль» ЖШС кілем өндірісін 2013 жылы іске қосқан және бүгінде бұл өнім түрін шығаратын Орталық Азиядағы ірі фабрикалардың бірі саналады. Кәсіпорын жыл сайын шамамен 4,5 миллион шаршы метр кілем жабынын шығарады.


Қазіргі таңда отандық өндіруші өз өнімін Қазақстанның барлық өңірлеріне жеткізіп қана қоймай, сондай-ақ Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан сияқты жақын шет елдерге экспорттап келеді.

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ қаржылай қолдауының нәтижесінде фабриканың өндірістік қуаты арттырылып, 37 жаңа жұмыс орны ашылады. Осылайша кәсіпорынның қызметкерлер саны 495 адамға жетеді.