Қызылордада «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ қаржылық қолдауымен айна өнімдерін өндіру зауыты іске қосылды
Бірыңғай байланыс орталығы 1408

Қызылордада «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ қаржылық қолдауымен айна өнімдерін өндіру зауыты іске қосылды

chat-bgov

Кеңес ал!

Қызылордада «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ қаржылық қолдауымен айна өнімдерін өндіру зауыты іске қосылды

21.01.2026


Қызылорда қаласының Өнеркәсіптік аймағында «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ қаржылық қолдауымен Қазақстандағы алғашқы айна өнімдерін конвейерлік өндіру іске қосылды. Осы инвестициялық жобада Қор «AynaGlass» ЖШС зауыт ғимаратының күрделі құрылысын және қажетті заманауи жабдықтарды сатып алуды қаржыландырды. Қаржылық лизинг мерзімі 8 жылды құрайды.


Жаңа өндіріс осы саладағы ең жоғары халықаралық стандарттарға сәйкес келетін автоматтандырылған техника қолданылатын жоғары технологиялық екенін атап өткен жөн. Жабдықтар Қытайда орналасқан айна шығаруға арналған роботтандырылған құрылғыларды өндіру бойынша әлемдік көшбасшы зауыттан сатып алынды.


Айна шығаратын отандық кәсіпорынды құру жобасы жедел қарқынмен, іс жүзінде 1 жылда іске асырылды.

Кәсіпорынның өндірістік қуаты 55 жаңа жұмыс орнын ашумен жылына 720 000 шаршы метр айна өнімін құрайды.


Осы зауыттағы ұзындығы 186 метр конвейерлік таспа толық автоматтандырылған. Технологиялық процесс әйнекті беруден басталады. Жуылғаннан, тазартылғаннан және кептірілгеннен кейін парақтар шашырату әдісімен шағылыстыратын қабат жағылатын вакуумдық камераларға беріледі. Содан кейін дайындама пеш камераларына түседі, кейін оған екі қабатты бояу – қорғаныс эмалі және шашырату жағылады. Дайын бұйым орауға дейін конвейерлік таспадан түспей тұрып, робот әрбір айнаға күнін, уақытын, жасалған орнын және басқа да қажетті белгілеу ақпаратын жағады.


Жаңа зауыттың орналасуы Қызылорда облысының әйнек өнімдерін өндіруде қолданылатын негізгі шикізат болып табылатын жоғары сапалы кварц құмының қоры бойынша республикада жетекші позицияларды алуымен түсіндіріледі. Оның өңірдегі қоры 64 миллион тоннадан асады, ал онда кремний диоксидінің құрамы 99 пайыздан астамға жетеді, бұл материалды әйнек өндіруге өте қолайлы етеді. Сонымен қатар, облыста туыс компоненттердің – әктас пен доломиттің кен орындары игерілген.


Зауыт өз өнімін ішкі нарыққа да жеткізуді, көрші елдерге де экспорттауды жоспарлап отыр.

Болашақта жобаны одан әрі дамытудың келесі кезеңі заманауи құрылыста ғимараттардың фасадтары мен қабырғаларын әйнектеу кезінде қолданылатын шынықтырылған ірі габаритті сәулет әйнектері Jumbo шығару бойынша технологиялық желіні іске қосу болып табылады.